Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану үшін төлемақы мөлшерлемелерін және жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында орман ресурстарын өз мұқтажы үшін жинау нормаларын бекіті туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 21 маусымдағы № 34/8 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 5 шілдеде № 5465 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 14-бабы 2) тармақшасына және 42-бабы 3-тармағына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 587-бабы 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 5-тармағына және 7-бабы 4-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының мөлшерлемелерін (түбiрiмен босатылатын сүрек үшiн белгiленетiн мөлшерлемелерді қоспағанда) осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы жеке тұлғаларының мемлекеттiк орман қоры аумағында жабайы өскен жемiстерді, саңырауқұлақтарды, жидектерді, дәрiлiк шикiзатты және өзге де орман ресурстарын өз мұқтажы үшін жинауының нормалары осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      3. "Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында орман пайдалану үшін төлемақы мөлшерлемелерін және жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында өз мұқтажы үшін орман ресурстарын жинау нормалары туралы" Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 20/18 шешімінің (2018 жылғы 3 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4689 болып тіркелді) күші жойылды деп танылсын.

      4. "Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы мәслихат шешімін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тіліндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберуді;

      3) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

  Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2019 жылғы 21 маусымдағы № 34/8 шешіміне 1 қосымша

Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының мөлшерлемелері (түбiрiмен босатылатын сүрек үшiн белгiленетiн мөлшерлемелерді қоспағанда)

№ р/с

Орман пайдалану түрлері

Орман пайдаланудың мерзімдері

Ресурс түрінің бірлігі үшін төлемақы мөлшерлемелерінің айлық есептік көрсеткіші мөлшерінде


 
1. Шайыр мен сүрек сөлдерін дайындау

1.1

Шайыр дайындау

Ұзақ мерзімді, алынатын

1 гектар үшін 1,18 айлық есептік көрсеткіш

1.2

Шайыр дайындау

Ұзақ мерзімді, алынатын

1 центнер үшін 0,39 айлық есептік көрсеткіш

1.3

Ағаш шырынын дайындау

Ұзақ мерзімді, алынатын

1 гектар үшін 0,59 айлық есептік көрсеткіш

1.4

Ағаш шырынын дайындау

Ұзақ мерзімді, алынатын

1 центнер үшін 0,31 айлық есептік көрсеткіш

      Кестенің жалғасы

№ р/с

Ағаш және бұта тұқымдыларының атауы

Орман пайдаланудың мерзімдері

Ресурс түрінің бірлігі үшін төлемақы мөлшерлемелері

Қабықтар, 1 тонна үшін айлық есептік көрсеткіш

Бұтақтар, 1 тонна үшін айлық есептік көрсеткіш

Томарлар, 1 тонна үшін айлық есептік көрсеткіш

Тамырлар, 1 тонна үшін айлық есептік көрсеткіш

Жапырақтар, 1 тонна үшін айлық есептік көрсеткіш

Бүршіктер, 1 килограмм үшін айлық есептік көрсеткіш

2. Екінші дәрежелі сүрек ресурстарын дайындау

2.1

Қарағай

Ұзақ мерзімді, алынатын

0,027

0,055

0,0137

0,082

0,041

0,027

2.2

Қайың

Ұзақ мерзімді, алынатын

0,021

0,042

0,0104

0,062

0,031

0,021

2.3

Көктерек, ағаш тектес тал, терек

Ұзақ мерзімді, алынатын

0,014

0,029

0,0072

0,043

0,0215

0,014

2.4

Бұта тектес тал

Ұзақ мерзімді, алынатын

0,016

0,031

0,0078

0,047

0,023

0,016

2.5

Шегіршін, үйеңкі

Ұзақ мерзімді, алынатын

0,018

0,036

0,0091

0,055

0,027

0,018

3. Жанама орман пайдалану

Жабайы өскен жемістерді, жидектер мен саңырауқұлақтарды дайындау және жинау

Салмақ бірлігі үшін айлық есептік көрсеткішімен төлемақы мөлшерлемелерінің мөлшері

3.1

Саңырауқұлақтар

Қысқа мерзімді, алынатын

1 килограмм үшін 0,024 айлық есептік көрсеткіш

3.2

Жидектер

Қысқа мерзімді, алынатын

1 килограмм үшін 0,032 айлық есептік көрсеткіш

Дәрілік өсімдіктер және техникалық шикізатты жинау

3.3

Шөптер

Қысқа мерзімді, алынатын

1 килограмм үшін 0,005 айлық есептік көрсеткіш

3.4

Гүлдер

Қысқа мерзімді, алынатын

1 килограмм үшін 0,005 айлық есептік көрсеткіш

3.5

Жапырақтар, сабақтар мен өскіндер

Қысқа мерзімді, алынатын

1 килограмм үшін 0,005 айлық есептік көрсеткіш

3.6

Жемістер мен жидектер

Қысқа мерзімді, алынатын

1 килограмм үшін 0,005 айлық есептік көрсеткіш

3.7

Тамырлар

Қысқа мерзімді, алынатын

1 килограмм үшін 0,003 айлық есептік көрсеткіш

3.8

Бүршіктер

Қысқа мерзімді, алынатын

1 килограмм үшін 0,003 айлық есептік көрсеткіш

Жанама орман пайдаланудың жекелеген түрлері

3.9

Мүктер

Қысқа мерзімді, алынатын

1 центнер үшін 0,024 айлық есептік көрсеткіш

3.10

Орман жамылғысы мен түскен жапырақтар

Қысқа мерзімді, алынатын

1 тонна үшін 0,277 айлық есептік көрсеткіш

3.11

Қамыс

Қысқа мерзімді, алынатын

1 центнер үшін 0,016 айлық есептік көрсеткіш

3.12

Бау шаруашылығы, бақша шаруашылығы және өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру

Қысқа мерзімді, алынбайтын

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 503-бабына сәйкес есептелетін жер салығы мөлшерлемесі бойынша 1 гектарға

3.13

Аң шаруашылығы және марал шаруашылығы

Қысқа мерзімді, алынбайтын

1 гектар үшін 0,939 айлық есептік көрсеткіш

3.14

Мемлекеттік орман қоры учаскелеріне бір омартаны орналастыру

Қысқа мерзімді, алынбайтын

1 омарта үшін 0,745 айлық есептік көрсеткіш

3.15

Шөп шабу алқаптарының жағдайы сапалы топтар бойынша шөп шабу-жақсы

Ұзақ мерзімді, алынбайтын

1 гектар үшін 0,894 айлық есептік көрсеткіш

3.16

Шөп шабу алқаптарының жағдайы сапалы топтар бойынша шөп шабу-қанағаттанарлық

Ұзақ мерзімді, алынбайтын

1 гектар үшін 0,670 айлық есептік көрсеткіш

3.17

Шөп шабу алқаптарының жағдайы сапалы топтар бойынша шөп шабу-қанағаттанғысыз

Ұзақ мерзімді, алынбайтын

1 гектар үшін 0,521 айлық есептік көрсеткіш

1 гектар жерге жылына 1 бас мал жаю

3.18

Ірі қара мал

Ұзақ мерзімді, алынбайтын

1 бас үшін 1,251 айлық есептік көрсеткіш

3.19

Жылқы

Ұзақ мерзімді, алынбайтын

1 бас үшін 1,251 айлық есептік көрсеткіш

3.20

Ірі қара мал төлі

Ұзақ мерзімді, алынбайтын

1 бас үшін 0,625 айлық есептік көрсеткіш

3.21

Ешкі

Ұзақ мерзімді, алынбайтын

1 бас үшін 1,095 айлық есептік көрсеткіш

3.22

Қой

Ұзақ мерзімді, алынбайтын

1 бас үшін 0,313 айлық есептік көрсеткіш

4. Мемлекеттік орман қоры учаскелерін аңшылық шаруашылығы мұқтаждықтары, ғылыми-зерттеу, сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар үшін пайдалану

4.1

Аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары үшін

Ұзақ мерзімді, алынбайтын

1 гектар үшін 0,74 айлық есептік көрсеткіш

4.2

Ғылыми-зерттеу және сауықтыру мақсаттары үшін

Ұзақ мерзімді, алынбайтын

1 гектар үшін 0,37 айлық есептік көрсеткіш

4.3

Рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар үшін

Ұзақ мерзімді, алынбайтын

1 гектар үшін 0,94 айлық есептік көрсеткіш

4.4

Ғылыми-зерттеу, сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар үшін

Қысқа мерзімді, алынбайтын

күніне 1 адам-күн үшін 0,1 айлық есептік көрсеткіш

  Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2019 жылғы 21 маусымдағы № 34/8 шешіміне 2 қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы жеке тұлғаларының мемлекеттiк орман қоры аумағында өз мұқтажы үшін жабайы жемiстерді, саңырауқұлақтарды, жидектерді, дәрiлiк өсімдік шикiзаттын және өзге де жанама орман ресурстарын жинауының нормалары

№ р/с

Орман пайдалану және ресурс түрлері

Жеке тұлғалардың өз мұқтажы үшін жинау нормалары, 1 адамға шаққанда

1

Жемістер мен жидектер

10 килограмм

2

Саңырауқұлақтар

50 килограмм

3

Шөптер

10 килограмм

4

Гүлдер

10 килограмм

5

Жапырақтар, сабақтар мен өскендер

10 килограмм

6

Тамырлар, тамыр сабақ, түйнектер

10 килограмм

7

Бүршіктер

10 килограмм

8

Мүктер

10 килограмм

9

Орман жамылғысы мен түскен жапырақтар

100 килограмм

10

Қамыс

800 килограмм


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады