Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 12 сәуірдегі № 85 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 15 сәуірде № 5348 болып тiркелдi. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайын ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 6 ақпандағы № 23 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайын ауданы әкімдігінің 06.02.2023 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабы 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31-бабы 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы №498 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14010 болып тіркелген) бекітілген, мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындарының санынан мүгедектер үшін жұмыс орындарының квота белгіленсін.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 17 сәуірдегі № 95 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын (2018 жылғы 28 сәуірда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4696 болып тіркелген).

      3. "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      1) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде осы қаулының мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін ресми жариялау және Эталондық бақылау банкіне қосу үшін оның көшірмесін қағаз және электрондық нұсқада қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы – Солтүстік Қазақстан аймақтық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жариялағаннан кейін оны "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында орналастыруды.

      3.Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

  Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2019 жылы 12 сәуірдегі № 85 қаулысана қосымша

Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындарының санынан мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы əкімдігінің 06.01.2020 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Ұйымның атауы

Жұмыс орындарының саны

Квота пайызы

Белгіленген квотаға сәйкес, жұмыс орындарының саны (адам)

"Черкасское Агро" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

50

2%

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады