Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 6 ақпандағы № 23 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 9 ақпанда № 7445-15 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 31-бабының 2-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімі Р. Елубаев

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Аққайың ауданының әкімі
  2023 жылғы 6 ақпандағы
  № 23 қаулысына
  қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдіктің кейбір күші жойылған қаулыларының тізбесі

      1. "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 17 сәуірдегі №94 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4693 болып тіркелген);

      2. "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 12 сәуірдегі №85 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5348 болып тіркелген);

      3. "Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі №88 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5352 болып тіркелген).;

      4. "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 12 сәурдегі № 85 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 6 қаңтардағы №1 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5799 болып тіркелген);

      5. "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 15 сәурдегі № 88 "Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 6 ақпандағы №19 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5991 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады