Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайын ауданы әкімдігінің 06.02.2023 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабы 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару" Заңының 37-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" 2019 жылғы 12 сәуірдегі № 85 қаулысына (2019 жылғы 19 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5348 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімі |
Р. Елубаев |
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2019 жылы "__" ______ № __ қаулысана қосымша | |
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2019 жылы 12 сәуірдегі № 85 қаулысана қосымша |
Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындарының санынан мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы
Ұйымның атауы | Жұмыс орындарының саны | Квота пайызы | Белгіленген квотаға сәйкес, жұмыс орындарының саны (адам) |
"Черкасское Агро" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 50 | 2% | 1 |