Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2016 жылғы 18 наурыздағы № 40-3 "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы бойынша жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2019 жылғы 26 қарашадағы № 34-18 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 29 қарашада № 5694 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2020 жылғы 19 маусымдағы № 39-4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мəслихатының 19.06.2020 № 39-4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңының 10-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы бойынша жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" 2016 жылғы 18 наурыздағы № 40-3 шешіміне (2016 жылғы 3 мамырда "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық ақтілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3728 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы бойынша жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеудің 3, 4-тармақтары жаңа редакцияда баяндалсын:

      "3. Митингілерді және жиналыстарды өткізу үшін орындар Қосымша реттеудің 1-қосымшасына сәйкес анықталсын.

      4. Шерулерді және демонстрацияларды өткізу үшін маршруттар Қосымша реттеудің 2-қосымшасына сәйкес анықталсын.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданы
мәслихатының
ХХXIV сессиясының төрағасы
Т. Рамазанов
      Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданы
мәслихатының хатшысы
С. Мұқанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады