Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы бойынша жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" 2016 жылғы 18 наурыздағы № 40-3 шешімі (2016 жылғы 3 мамырда "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3728 тіркелген);
2) Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2016 жылғы 18 наурыздағы № 40-3 "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы бойынша жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2019 жылғы 26 қарашадағы № 34-18 шешімі (2019 жылғы 6 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5694 тіркелген).
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының XXXIX сессиясының торағасы |
С.Семенюк |
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының хатшысы |
С.Муканов |