Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 46 "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің 2019 жылғы 29 қарашадағы № 21 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 4 желтоқсанда № 5697 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 23-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабы 7-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкiмi ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 46 шешіміне (2019 жылғы 4 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5095 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:

      "№ 372 сайлау учаскесі" жаңа редакцияда жазылсын:

      "№ 372 сайлау учаскесі сайлау учаскесінің орналасқан орны: Ломоносовка ауылы, Комсомольская көшесі, 3, "Ломоносов орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты; сайлау учаскесінің шекаралары: Ломоносовка ауылы.";

      "№ 384 сайлау учаскесі" жаңа редакцияда жазылсын:

      "№ 384 сайлау учаскесі сайлау учаскесінің орналасқан орны: Жаңасу ауылы, Школьная көшесі, 7а, "Еркін Әуелбеков атындағы Жаңасу бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты; сайлау учаскесінің шекаралары: Жаңасу ауылы.";

      "№ 411 сайлау учаскесі" жаңа редакцияда жазылсын:

      "№ 411 сайлау учаскесі сайлау учаскесінің орналасқан орны: Гаршино ауылы, Мир көшесі, 6, "СП Гаршино" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кеңсесінің ғимараты (келісім бойынша); сайлау учаскесінің шекаралары: Гаршино ауылы, Симоновка ауылы.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушыға жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім А. Тастемиров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Солтүстік Қазақстан облысы

      Ғабит Мүсірепов атындағы

      ауданның сайлау

      комиссиясының төрағасы

      ________________ Н.Қ. Барақаев

      2019 жылғы __ қараша

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады