"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 – бабы 8) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның бас мемлекеттік ветеринариялық - санитариялық инспекторының 2019 жылғы 18 қарашадағы № 09-08/355 ұсынысы негізінде ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Андреев ауылдық округі Андреевка ауылының "Жарык-2005" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мал фермасының аумағынан ірі қара мал бруцеллез ауыруының ошағын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешенінің аяқталуына байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Андреев ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2019 жылғы 21 ақпандағы № 5 шешімінің (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2019 жылдың 04 наурызында жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5233 болып тіркілген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімінің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы |
С. Икашев |