Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан Ломоносов ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 20 қарашадағы № 34 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 22 қарашада № 5669 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан Ломоносов ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 6 мамырдағы № 7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан Ломоносов ауылдық округі əкімінің 06.05.2020 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының мiндетiн атқарушы 2019 жылғы 02 қазандағы № 09-08/295 ұсынысы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Ломоносов ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Ломоносов ауылдық округі Урожайное ауылының "АЗКО" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгінің мал шаруашылығы фермасының аумағында ірі қара мал арасында бруцеллез ауруының туындауына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімінiң
мiндетiн атқарушы
В. Барсуков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады