Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан Ломоносов ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 6 мамырдағы № 7 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 13 мамырда № 6297 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 – бабы 8) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның бас мемлекеттік ветеринариялық - санитариялық инспекторының 2020 жылғы 2 наурыздағы № 09-08/51 ұсынысы негізінде, Ломоносов ауылдық округінiң әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Ломоносов ауылдық округі Урожайное ауылының "АЗКО" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгінің мал шаруашылығы фермасының аумағында ірі қара мал арасында бруцеллез ауыруының ошағын жою бойынша ветеринариялық іс-шаралар кешенінің аяқталуына байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Ломоносов ауылдық округі әкімі міндетін атқарушының "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2019 жылғы 20 қарашадағы № 34 шешімінің күші жойылды деп танылсын (2019 жылғы 26 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5669 болып тіркелген).

      3. Осы шешімінің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ломоносов ауылдық
округінің әкімі
В. Барсуков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады