Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 14 желтоқсандағы № 315 "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 2 тамыздағы № 178 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 2 тамызда № 5523 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 - бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Заңының 3 - бабының 2 - тармағы 3) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы" 2017 жылғы 14 желтоқсандағы № 315 (2017 жылғы 22 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4438 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

      Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу Тәртібі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

  Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "02" тамыздағы № 178 қаулысына қосымша
  Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 14 желтоқсандағы № 315 қаулысымен бекітілген

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің Тәртібі

      Осы Тәртіп қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу рәсімін айқындайды.

      1. Қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі аудандық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қарайды.

      2. Қоғамдық тәртіпті сақтауға белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынысты "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті Есіл ауданының полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-СҚО ПД Есіл ауданының ПБ) Комиссияның қарауына енгізеді.

      3. Комиссия қабылдайтын шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады.

      4. Көтермелеу түрін, оның ішінде ақшалай сыйақы мөлшерін көтермеленушінің қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесін ескере отырып, Комиссия белгілейді.

      5. Ақшалай сыйақыны төлеу және бағалы сыйлықты алу үшін Комиссия қабылдаған шешімге сәйкес СҚО ПД Есіл ауданының ПБ бастығының бұйрығы қосымша шығарылады.

      6. Ақшалай сыйақыны төлеу және бағалы сыйлықты сатып алу облыстық бюджет қаражаты есебінен СҚО ПД Есіл ауданының ПБ жүргізіледі.

      7. Көтермелеуді төлеуге арналған қаражат облыстық бюджеттен, Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің 252 003 "Қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу" бюджеттік бағдарламасымен көзделеді.

      8. Есіл ауданы әкімінің Құрмет грамотасын, ақшалай сыйақыны, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін Азаматтарға бағалы сыйлықты тапсыруды СҚО ПД Есіл ауданының ПБ салтанатты түрде жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады