Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес, Қызылжар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2019 жылғы 21 қазандағы № 01-11/108 ұсынысы негізінде, Қызылжар ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Қызылжар ауылдық округі Трудовая Нива ауылының аумағында ірі қара мал арасында бруцеллез ошағының жойылуына байланысты шектеу іс - шаралары тоқтатылсын.
2. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Қызылжар ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2019 жылғы 17 маусымдағы № 38 шешімінің (2019 жылғы 21 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 5446 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
әкім | А. Нұртаев |