Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Қызылжар ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 38 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 19 маусымда № 5446 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Қызылжар ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 14 қарашадағы № 108 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Қызылжар ауылдық округі əкімінің 14.11.2019 № 108 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қызылжар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының міндетін атқарушының 2019 жылғы 13 мамырдағы № 01-11/45 ұсынысы негізінде, Қызылжар ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Қызылжар ауылдық округі Трудовая Нива ауылының аумағында ірі қара мал арасында бруцеллез бойынша шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қызылжар ауылдық округі
әкімінің міндетін атқарушы
А. Нұртаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады