Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37- бабына сәйкес, Прибрежный ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Прибрежный селолық округі әкімінің "Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Шаховское селосының көшесіне атау беру туралы" 2009 жылғы 22 шілдедегі № 30 шешіміне (2009 жылғы 28 тамызда "Маяк" және "Қызылжар" аудандық газеттерінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-8-108 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
шешiмнің мемлекеттік тілдегі деректемелерінде және бүкіл мәтіні бойынша "селолық", "селосының", "селосындағы" сөздері тиісінше "ауылдық", "ауылының", "ауылындағы" сөздерімен ауыстырылсын;
шешімнің орыс тіліндегі деректемелері мен мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Прибрежный ауылдық округінің әкімі |
Д. Закирин |