Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Прибрежный селолық округі әкімінің 2012 жылғы 4 маусымдағы № 23 "Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Шаховское селосының көшелеріне атау беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Прибрежный ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 25 ақпандағы № 15 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 27 ақпанда № 5237 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37- бабына сәйкес, Прибрежный ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Прибрежный селолық округі әкімінің "Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Шаховское селосының көшелеріне атау беру туралы" 2012 жылғы 4 маусымдағы № 23 шешіміне (2012 жылғы 29 маусымда "Маяк" және "Қызылжар" аудандық газеттерінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-8-170 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      шешімнің мемлекеттік тілдегі деректемелерінде және бүкіл мәтіні бойынша, сонымен қатар шешімнің қосымшасында "селолық", "селосының" сөздері тиісінше "ауылдық", "ауылының" сөздерімен ауыстырылсын;

      шешімнің орыс тіліндегі деректемелері мен мәтіні, сонымен қатар шешімнің қосымшасы өзгеріссіз қалдырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Прибрежный ауылдық
округінің әкімі
Д. Закирин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады