Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Шаховское ауылының көшелеріне атау беру туралы

Жаңартылған

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Прибрежный ауылдық округінің әкімі 2012 жылғы 4 маусымдағы N 23 шешіміне. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 26 маусымда N 13-8-170 тіркелді.

      Ескерту. Бүкіл мәтіні бойынша "селолық", "селосының" сөздері "ауылдық", "ауылының" сөздерімен ауыстырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Прибрежный ауылдық округі әкімінің 25.02.2019 № 15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 4-тармақшына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес және Шаховское ауылының тұрғындарының пікірлерін есепке ала отыра, ШЕШІМ қабылдаймын:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Шаховское ауылының көшелеріне қосымшаға сәйкес атаулар берілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім Қызылжар аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуге алынған күннен өз күшіне енеді және ресми түрде жарияланған күннен бастап 10 күн өткен соң қолданылады.

      Ауылдық округтің әкімі Н. Омаров
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қызылжар аудандық
мәдениет және тілдерді дамыту
бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
С. Алдаева
      "Қызылжар аудандық
құрылыс бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
И. Нұрғалиев

  Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар ауданы
Прибрежный ауылдық
округі әкімінің
2012 жылғы 4 маусымдағы
№ 23 шешіміне
қосымша

Шаховское ауылының көшелерінің атаулары

      Бірінші көше- Әлібай Дайыров көшесі

      Екінші көше- Мәжит Қасенов көшесі

      Үшінші көше- Бейбітшілік көшесі

      Төртінші көше- Орман көшесі

      Бесінші көше - Парасат көшесі

      Алтыншы көше- Байқоңыр көшесі

      Жетінші көше- Целинная көшесі

      Сегізінші көше- Наурыз көшесі

      Тоғызыншы көше-Шапағат көшесі

      Оныншы көше- Бауыржан Момышұлы көшесі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады