Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" қаулысының 2-тармағы 1) тармақшасына сәйкес Тимирязев аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "2019 жылға арналған Тимирязев ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" Тимирязев аудандық мәслихатының 2019 жылғы 17 қаңтардағы № 30/4 шешіміне (2019 жылғы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5206 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
"1) жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы |
Ж. Жантоқов |
Аудандық мәслихаттың хатшысы |
С. Мұстафин |