Көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 19 сәуірдегі № 97 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 23 сәуірде № 5367 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 3 қазандағы № 154 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің 03.10.2023 № 154 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 102-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11148 болып тіркелген) сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарын белгілеу туралы" 2016 жылғы 5 желтоқсандағы №301 қаулысының күші жойылды деп танылсын (2017 жылғы 24 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4003 болып тіркелген).

      3. "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Солтүстік Қазақстан облысы филиалына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Уәлиханов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуына жауапкершілік "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі М. Оспанов

  Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "__"____________ № __ қаулысына қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындары

№ р/р

Ауылдық округтерінің атауы

Автодүкендерді және (немесе) шатырларды (павильондарды) орналастыру орындары

1

Кішкенекөл ауылдық округі

Кішкенекөл ауылы, Гагарин көшесі, 70, орталық базар

2

Кішкенекөл ауылдық округі

Кішкенекөл ауылы, Уәлиханов көшесі, 86, орталық аланы мәдени-көпшілік шараларды өткізу күндерінде

 
3

Кішкенекөл ауылдық округі

Кішкенекөл ауылы, Ахметжан Қазымбетов көшесі, 26, Ахметжан Қазымбетов атындағы стадионы мәдени-көпшілік шараларды өткізу күндерінде

 
4

Актүйесай ауылдық округі

Актүйесай ауылы, Жұмабаев көшесі, 18, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің "Ақтүйесай орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі аумағының жанында

 
5

Актүйесай ауылдық округі

Қондыбай ауылы, Ленин көшесі, 17, "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Ақтүйесай ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бос уақыт орталығы ғимаратының жанында

 
6

Актүйесай ауылдық округі

Күзексай ауылы, Алтынсарин көшесі, 12, "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Ақтүйесай ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бос уақыт орталығы ғимаратының жанында

 
7

Бидайық ауылдық округі

Бидайық ауылы, Жапаров көшесі, 34, "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Бидайық ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бос уақыт орталығы ғимаратының жанында

 
8

Бидайық ауылдық округі

Өндіріс ауылы, Жүнісов көшесі, 5, "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Бидайық ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі балалар алаңының жанында

 
9

Бидайық ауылдық округі

Жамбыл ауылы, Школьный көшесі, 16, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің "Жамбыл орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі аумағының жанында

 
10

Көктерек ауылдық округі

Мортық ауылы, Интернационал көшесі, 13, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің "Мортық орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі аумағының жанында

 
11

Көктерек ауылдық округі

Көктерек ауылы, Парковая көшесі, 28, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің "Елтай орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі аумағының жанында

 
12

Қаратерек ауылдық округі

Қаратерек ауылы, Торговая көшесі, 12, "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Қаратерек ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында

 
13

Амангелді ауылдық округі

Амангелді ауылы, Школьная көшесі, 1, "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Амангелді ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бұрынғы ғимаратының жанында

 
14

Амангелді ауылдық округі

Тілеусай ауылы, Школьная көшесі, 10, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің "Озерный орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі аумағының жанында

15

Ақбұлак ауылдық округі

Ақбұлак ауылы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің "Чехов орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі аумағының жанында

 
16

Ақбұлак ауылдық округі

Қарашілік ауылы, Мир көшесі, 5, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің "Қарашілік негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі аумағының жанында

 
17

Ақбұлак ауылдық округі

Жас Ұлан ауылы, Ленин көшесі, 10, "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі стадионының жанында

 
18

Қайрат ауылдық округі

Қайрат ауылы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің "Қайрат орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі аумағының жанында

 
19

Қайрат ауылдық округі

Жасқайрат ауылы, Иманов көшесі, 13, "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Қайрат ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бос уақыт орталығы ғимаратының жанында

 
20

Қарасу ауылдық округі

Аққұдық ауылы, Мир көшесі, 15, "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Қарасу ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында

21

Қарасу ауылдық округі

Золотая Нива ауылы, Абай көшесі, 18, тұрғын үйдің жанында

 
22

Қулыкөл ауылдық округі

Қулыкөл ауылы, Ғабдуллин көшесі, 14, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің "Ауэзов орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі аумағының жанында

 
23

Қулыкөл ауылдық округі

Қаратал ауылы, Сейфуллин көшесі, 24, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің "Қаратал негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі аумағының жанында

 
24

Қулыкөл ауылдық округі

Береке ауылы, Мұқанов көшесі, 1, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің "Береке негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі аумағының жанында

 
25

Телжан ауылдық округі

Телжан ауылы, Мир көшесі, 12, "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Телжан ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бос уақыт орталығы ғимаратының жанында

 
26

Телжан ауылдық округі

Көбенсай ауылы, "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Телжан ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бос уақыт орталығы ғимаратының жанында


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады