2020 жылы Уәлиханов ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдауды ұсыну туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихатының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 3-48 с шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 30 желтоқсанда № 5775 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабы 8-тармағына, "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Уалиханов ауданы әкімі мәлімдеген қажеттілікті ескере отырып, Уәлиханов ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға ұсынылсын:

      1) жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;

      2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит.

      2. Осы шешімнің 1- тармағының күші ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ветеринариялық пункттерінің ветеринария мамандарына қолданылады.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

      Уәлиханов аудандық
мәслихаты сессиясының
төрағасы
К. Жантілеуов
      Уәлиханов аудандық
мәслихатының хатшысы
Б.Кәдіров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады