Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың 2018 жылғы 13 қарашадағы № 17-07/208 ұсынысы негізінде, Көктерек ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Көктерек ауылдық округі Мортық ауылының аумағында орналасқан ірі қара мал бруцеллезіне шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Көктерек ауылдық округі әкімінің "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Көктерек ауылдық округі Мортық ауылының аумағында орналасқан ірі қара мал бруцеллез ауруы шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2018 жылғы 29 қаңтардағы №3 (2018 жылғы 16 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4567 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Көктерек ауылдық округінің әкімі |
Е. Алимов |