Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Көктерек ауылдық округі Мортық ауылының аумағында орналасқан ірі қара мал бруцеллез ауруы шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Көктерек ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 29 қаңтардағы № 3 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 12 ақпанда № 4567 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданның Көктерек ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 27 ақпандағы № 9 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданның Көктерек ауылдық округі әкімінің 27.02.2019 № 9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Занының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 16-11/283 ұсынымы негізінде Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданы Көктерек ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Көктерек ауылдық округі Мортық ауылының аумағында орналасқан ірі қара мал бруцеллез ауруы аңықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысының
Уәлиханов ауданы
Көктерек ауылдық округінің

әкімі
Е.Алимов

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады