Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 12 маусымдағы № 7 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 14 маусымда № 5443 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 11 наурыздағы № 9 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Уəлиханов ауданы Ақбұлақ ауылдық округі əкімінің 11.03.2020 № 9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Занының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес, Уәлиханов ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың 2019 жылғы 14 мамырдағы № 17-07/76 ұсынысы негізінде, Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Ақбұлақ ауылдық округі Ақбұлақ ауылында ірі қара малына бруцеллез бойынша шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақбұлақ ауылдық
округінің әкімі
Ғ. Жүкенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады