Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабына сәйкес, Жанажол ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Жаңажол селолық округі әкімінің "Шал ақын ауданы Жаңажол селолық округінің елді мекендерінің құрамдас бліктеріне атау беру туралы" 2010 жылғы 7 қазандағы №3 шешіміне (2010 жылдың 5 қарашасында "Новатор" аудандық газетінде және 2010 жылдың 5 қарашасында "Парыз" аудандық газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13-14-112 болып тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімнің қазақ тіліндегі атауы жаңа редакциясында баяндалсын:
"Шал ақын ауданы Жаңажол ауылдық округінің елді мекендерінің құрамдас бөліктеріне атау беру туралы";
шешiмнің мемлекеттік тілдегі деректемелерінде және бүкіл мәтіні бойынша "селолық", "селосы" тиісінше "ауылдық", "ауылы" сөздерімен ауыстырылсын;
шешімнің орыс тіліндегі атауы, деректемелері мен мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі | М. Сулейменов |