Атырау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 12 ақпандағы № 18 "Атырау облысында жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты ауданаралық (облысішілік қалааралық) тасымалдау тарифін белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Атырау облысы әкімдігінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 49 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 2 сәуірде № 4627 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27, 37-баптарына, "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 19-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26-бабына және VІ шақырылған Атырау облыстық мәслихатының кезектен тыс ХХXІІІ сессиясының 2019 жылғы 16 шілдедегі № 344-VI "Атырау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 12 ақпандағы № 18 "Атырау облысында жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты ауданаралық (облысішілік қалааралық) тасымалдау тарифін белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Атырау облысы әкімдігінің қаулы жобасына келісім беру туралы" шешіміне сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Атырау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 12 ақпандағы № 18 "Атырау облысында жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты ауданаралық (облысішілік қалааралық) тасымалдау тарифін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4340 болып тіркелген, 2019 жылы 19 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      1) 1-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Атырау облысында жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты ауданаралық (облысішілік қалааралық) тасымалдау тарифтері белгіленсін.";

      2) осы қаулының қосымшасына сәйкес қосымшамен толықтырылсын.

      2. Атырау облысы әкімдігінің 2020 жылғы 21 ақпандағы № 33 "Атырау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 12 ақпандағы № 18 "Атырау облысында жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты ауданаралық (облысішілік қалааралық) тасымалдау тарифін белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" қаулысы жойылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Ә.И. Нәутиевке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Атырау облысының әкімі М. Досмухамбетов

  Атырау облысы әкімідігінің 2020 жылғы 31 наурызы № 49 қаулысына қосымша

Атырау облысында жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты ауданаралық (облысішілік қалааралық) тасымалдау тарифтері

Маршрут атауы

1 (бір) жолаушыға арналған тарифі, теңге

1

2

3

1

Атырау - Құлсары

2000

2

Атырау - Мақат

800

3

Атырау - Индер

1000

4

Атырау - Аққыстау

600

5

Атырау - Махамбет

500

6

Атырау - Құрманғазы

2000

7

Атырау - Миялы

2000


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады