Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 29.11.2021 № 272 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27, 37-баптарына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26, 27-баптарына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 164 "Атырау облысы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидаларын бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3231 болып тіркелген, 2015 жылы 2 шілдеде "Атырау" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Атырау облысы бойынша Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидаларында:
Тұрғын үй қоры мен тұрғын емес үй-жайлар объектілерінің түрлерінде:
1) мемлекеттік тілдегі мәтінде реттік нөмірі 6-жол келесі редакцияда мазмұндалсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
"
6 | Емханалар | 1 келіп кету |
";
2) реттік нөмірі 7-жол келесі редакцияда мазмұндалсын:
"
7 | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын |
";
3) мемлекеттік тілдегі мәтінде реттік нөмірлері 9 және 10-жолдар келесі редакцияда мазмұндалсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
"
9 | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын |
10 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы | 1 отыратын орын |
";
4) реттік нөмірлері 14 және 15-жолдар келесі жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"
14 | Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер | Сауда алаңы 1 м2 |
15 | Машиналардан сату | Сауда орнының 1 м2 |
";
5) реттік нөмірі 16-жол алынып тасталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Ә.И. Нәутиевке жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Н. Ноғаев |