Атырау облысы Атырау қаласы және Махамбет ауданының шекараларын өзгерту туралы

Жаңа

Атырау облыстық мәслихатының 2019 жылғы 18 қазандағы № 367-VI шешімі және Атырау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 18 қазандағы № 223 бірлескен қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 31 қазанда № 4517 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108-бабының 3-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6, 27, 37-баптарына сәйкес және "Атырау қаласының әкімшілік шекарасын өзгерту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 28 маусымдағы № 458 қаулысы негізінде Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және VI шақырылған Атырау облыстық мәслихаты кезекті XXХV сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. Атырау облысы Махамбет ауданының жер қорынан жалпы көлемі 7145 гектар жер учаскесін қосу арқылы Атырау облысы Атырау қаласының шекаралары өзгертілсін.

      2. Атырау облысы Атырау қаласына жер қорынан жалпы ауданы 7145 гектар жер учаскесін беру арқылы Атырау облысы Махамбет ауданының шекаралары өзгертілсін.

      3. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Ә. Нәутиевке және Атырау облыстық мәслихатының заңдылықты сақтау, депутаттық этика және құқық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы А. Абдоловқа жүктелсін.

      4. Осы бірлескен қаулы мен шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және олар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Н. Ноғаев
      Сессия төрағасы А. Сисенов
      Мәслихат хатшысы Ө. Зинуллин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады