Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қаласы мәслихатының 05.02.2020 № 473 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес, Атырау қаласының Мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Атырау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 28 наурыздағы № 13 "Атырау қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешіміне (әрі қарай - шешім) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3484 болып тіркелген, 2016 жылы 6 мамырында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:
1-қосымшаның 2-тармағындағы "Геолог ауылдық округі, Геолог ауылы" деген сөздер алынып тасталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік, құқықтық тәртібі және депутаттық өкілеттілігі саласы бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін (С. Рахимова).
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ХХХХІІ сессия төрайымы | Т. Розметова |
Атырау қаласының Мәслихатының хатшысы |
Р. Джанглишов |