Исатай ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын және тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерін бекіту туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Исатай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 2 шілдедегі № 252-VI шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 11 шілдеде № 4444 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Исатай аудандық мәслихатының 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 34-VІI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Исатай аудандық мәслихатының 27.04.2021 № 34-VIІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық Кодексінің 19-1 бабының 1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 10030 санымен тіркелді) және "Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 1 қыркүйектегі бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 14285 санымен тіркелді) сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Исатай ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары № 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Исатай ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтері № 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      3. "Исатай ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" Исатай ауданы мәслихатының 2016 жылғы 04 қарашадағы № 56-VI шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3692 санымен тіркелген, 2016 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет, қаржы, экономика, кәсіпкерлікті дамыту, аграрлық және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (А. Рахметов) жүктелсін.

      5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезектен
тыс XL сессиясының төрағасы
А. Сидеғалиев
      Аудандық мәслихат хатшысы Н. Мұханбеталиев

  Аудандық мәслихаттың 2019 жылғы "2" шілдедегі № 252-VI шешіміне № 1 қосымша

Исатай ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер

Есептік бірлік

Жылдық нормасы 1есептік бірлікке, м3

1

Жайлы үйлер

1 тұрғын

0,65

Жайлы емес үйлер

1 тұрғын

0,75

2

Қонақүйлер,санаторийлер,демалысүйлері

1 орын

1,29

3

Балабақшалар, бөбекжайлар

1 орын

0,47

4

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

1,42

5

Емханалар,

1 келіп кету

0,0007

6

Ауруханалар,өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері

1 төсек-орын

1,70

7

Мектептер және өзге де оқу орындары

1 оқушы

0,14

8

Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері

1 отыратын орын

1,03

9

Мұражайлар

Жалпыалаңы 1 м2

0,05

10

Стадиондар, спорт алаңдары

жоба бойынша 1 орын

0,02

11

Спорт, би жәнеойынзалдары

жалпыалаңы 1 м2

0,02

12

Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер

саудаалаңы 1 м2

1,39

13

Базарлар, саудапавильондары, дүңгіршектер, сөрелер

саудаорны 1 м2

0,23

14

Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету

жалпыалаңы 1 м2

0,13

15

Вокзалдар, автовокзалдар

жалпыалаңы 1 м2

0,22

16

Дәріханалар

саудаалаңы 1 м2

0,14

17

Автотұрақтар, автомобильдіжууорындары, АЖС, гараждар

1 машина-орын

2,35

18

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

1,3

19

Шаштараздар, косметикалықсалондар

1 жұмыс орны

1,4

20

Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі

жалпыалаңы 1 м2

0,33

21

Моншалар, сауналар

Жалпыалаңы 1 м2

0,30

  "2" шілдедегі 2019 жылғы № 252-VI аудандық мәслихаттың шешіміне 2 қосымша

Исатай ауданы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, әкетуге және жоюға арналған тарифтері

Атауы

Есеп бірлігі

Құны, тенге

1

Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, әкетуге арналған тарифтер



1.1

Жайлы үйлер

1 тұрғын

87

1.2

Жайлы емес үйлер

1 тұрғын

100

1.3

Заңды тұлғалар (жеке кәсіпкерлер үшін)

1 текше метр

1755

1.4

Заңды тұлғалар (кәсіпорындар үшін)

1 текше метр

1755

1.5

Заңды тұлғалар (бюджеттік мекемелер үшін)

1 текше метр

1755

2

Қатты тұрмыстық қалдықтарды көмуге, жоюға арналған тарифтер



2.1

Жеке тұлғалар

1 текше метр

363

2.2

Заңды тұлғалар

1 текше метр

517


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады