Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәслихатының 25.12.2023 № 103-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына, Құрманғазы ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 105 және Жаңаталап ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі № 15 шешімдеріне сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 364-V "Құрманғазы ауданының ауылдық округтерінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3085 санымен тіркелген, аудандық "Серпер" үнжариясында 2015 жылғы 19 ақпанда жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
"Ганюшкин ауылдық округінің" деген сөздер "Құрманғазы ауылдық округінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Киров ауылдық округінің" деген сөздер "Жаңаталап ауылдық округінің" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Көрсетілген шешімнің 1, 4 қосымшалары осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала, жастар саясаты, заңдылық және құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына (төрағасы М. Қуаншалиев) жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХХХV сессиясының төрағасы |
Х. Кабылов |
Аудандық мәслихат хатшысы | Б. Жүгінісов |
Аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 4 шілдедегі № 424-VІ шешіміне 1 қосымша | |
Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 364-V шешіміне 1 қосымша |
Құрманғазы ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Құрманғазы ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидасы (бұдан әрі – Қағида) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 39-3 бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына" сәйкес әзірленді және Құрманғазы ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиынындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін белгілейді.
2. Құрманғазы ауылдық округінің аумағындағы ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
3. Бөлек жиынды Құрманғазы ауылдық округінің әкімі шақырады.
Құрманғазы ауданы әкімінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе хабарландыру ілу, шақыру хат жолдау, телефон арқылы хабарлау тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
5. Ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жиынды өткізуді Құрманғазы ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.
6. Бөлек жиынды ашудың алдында ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
7. Бөлек жиынды Құрманғазы ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Құрманғазы ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Құрманғазы аудандық мәслихат бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.
9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны "Атырау облысы Құрманғазы ауданы Құрманғазы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне береді.
3. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау
11. Құрманғазы ауылдық округі аумағында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін бөлек жиында ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны әр ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің сексен тұрғынынан (жергілікті қоғамдастық мүшелерінен) бір өкіл құрамында айқындалады.
Егер ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде тұратын жергілікті қоғамдастық мүшелерінің саны сексен тұрғынға (жергілікті қоғамдастық мүшелеріне) жетпеген жағдайда, әрбір ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үйден бір өкілден сайланады.
Аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 4 шілдедегі № 424-VІ шешіміне 2 қосымша | |
Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 364-V шешіміне 4 қосымша |
Жаңаталап ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жаңаталап ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидасы (бұдан әрі – Қағида) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 39-3 бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына" сәйкес әзірленді және Жаңаталап ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиынындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін белгілейді.
2. Жаңаталап ауылдық округінің аумағындағы ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
3. Бөлек жиынды Жаңаталап ауылдық округінің әкімі шақырады.
Құрманғазы ауданы әкімінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе хабарландыру ілу, шақыру хат жолдау, телефон арқылы хабарлау тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
5. Ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жиынды өткізуді Жаңаталап ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.
6. Бөлек жиынды ашудың алдында ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
7. Бөлек жиынды Жаңаталап ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Жаңаталап ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Құрманғазы аудандық мәслихат бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.
9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны "Атырау облысы Құрманғазы ауданы Жаңаталап ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне береді.
3. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау
11. Жаңаталап ауылдық округі аумағында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін бөлек жиында ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны әр ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің отыз тұрғындарынан (жергілікті қоғамдастық мүшелерінен) бір өкіл құрамында айқындалады.
Егер ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде тұратын жергілікті қоғамдастық мүшелерінің саны отыз тұрғынға (жергілікті қоғамдастық мүшелеріне) жетпеген жағдайда, әрбір ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үйден бір өкілден сайланады.