Карантин белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Құрманғазы ауданы Сүйіндік ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 24 шілдедегі № 23 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 25 шілдеде № 4473 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы Сүйіндік ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 5 қыркүйектегі № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы Сүйіндік ауылдық округі әкімінің 05.09.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Құрманғазы аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық инспекторының 2019 жылғы 27 маусымдағы № 12-11/77 ұсынысы негізінде, Сүйіндік ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Күл ауруының пайда болуына байланысты, "Сүйіндік" асыл тұқымды қой зауыты" жауапкершілігі шектеулі серіктесігінің Сүйін 1, Сүйін 2, Бөрте, Алғабас учаскелерінің аумағында карантин белгіленсін.

      2. Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Құрманғазы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Атырау облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Құрманғазы аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды алу ұсынылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімінің
міндетін атқарушы
А. Жахиен

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады