"Сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативтерін бекіту туралы" Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 шілдедегі № 217 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2019 жылғы 6 мамырдағы № 75 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2019 жылғы 14 мамырда № 5051 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабының 2-тармағына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 шілдедегі № 217 "Сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативтерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3266 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 шілдеде "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының "Сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативі" қосымшасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Түркістан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

      Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Ә. Садырға жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Ө.Шөкеев
      К.Қ.Айтмұхаметов
      Ә.Е.Тұрғымбеков
      Ж.Е.Аманбаев
      М.И.Мырзалиев
      М.Н.Отарбаев
      Е.Ә.Садыр
      А.Б.Тасыбаев

  Түркістан облысы
әкімдігінің 2019 жылғы
"6" мамырдағы
№ 75 қаулысына
қосымша

Сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативі

Сатып алынған сүт үшін, теңге/литр 

Сары май өндіру үшін

Қатты ірімшік өндіру үшін

28

30


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады