Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1. Қоса берілген Түркістан облысының 2019-2023 жылдарға арналған қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері бекітілсін.
2. "Түркістан облыстық мәслихаты аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімді аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Түркістан облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | С. Бекенов |
Облыстық мәслихат хатшысы | Қ. Балабиев |
Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 маусымдағы № 38/409-VI шешімімен бекітілді |
Түркістан облысының 2019-2023 жылдарға арналған қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері
Кесте 1 - "Атмосфералық ауа" бөлімі бойынша қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері
Нысаналы көрсеткіштер | Кезеңдер | |||
Бастапқы деңгейі | 2019 жыл | 2021 жыл | 2023 жыл | |
Түркістан қаласы | ||||
Атмосфералық ауа құрамында жүзгін заттардың ең жоғары деңгейі, шекті рұқсат етілген ең жоғарғы бір реттік концентрация үлесі (әрі қарай ШРК е.ж.б.) | 3,3 | 3,3 | 3 | 2,5 |
Атмосфералық ауа құрамында көмірқышқыл газының (СО) ең жоғары деңгейі, ШРК е.ж.б. үлесі | 2,35 | 2,35 | 2 | 1,5 |
Кентау қаласы | ||||
Атмосфералық ауа құрамында көмірқышқыл газының (СО) ең жоғары деңгейі, ШРК е.ж.б. үлесі | 3,97 | 3,97 | 3 | 2,5 |
Кесте 2 - "Топырақ" бөлімі бойынша қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері
Нысаналы көрсеткіштер | Кезеңдер | |||
Бастапқы деңгейі | 2019 жыл | 2021 жыл | 2023 жыл | |
Кентау қаласындағы ойын және спорт алаңшалары аумағындағы топырақтың жоғары қабатындағы қорғасын мөлшерінің деңгейі, мг/кг | 200-ден 1008-ге дейін | 200-ден 1008-ге дейін | 200-ден 800-ге дейін | 200-ден аз |
Кесте 3 - "Жер үсті суларының сапасы" бөлімі бойынша қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері
Нысаналы көрсеткіштер | Кезеңдер | |||
Бастапқы деңгейі | 2019 жыл | 2021 жыл | 2023 жыл | |
Сырдария өзенінің су сынамаларындағы сульфат құрамының ШРК деңгейінің үлесі | 4,9 | 4,9 | 4,3 | 4 |
Кесте 4 - "Елді мекендерді көгалдандыру" бөлімі бойынша қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері
Нысаналы көрсеткіштер | Кезеңдер | |||
Бастапқы деңгейі | 2019 жыл | 2021 жыл | 2023 жыл | |
Түркістан қаласы айналасындағы жасыл белдеудің аумағы, га | 0 | 2000-ға дейін | 6000-ға дейін | 8000-ға дейін |
Кесте 5 - "Коммуналдық қалдықтар" бөлімі бойынша қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері
Нысаналы көрсеткіштер | Кезеңдер | |||
Бастапқы деңгейі | 2019 жыл | 2021 жыл | 2023 жыл | |
Халықтың қалдықтарды жинау және тасымалдау қызметімен қамтамасыз етілуі, % | 80 | 90 | 95 | 95 |
Жинақталған тұрмыстық қатты қалдықтардың қайта өңдеу үлесі, % | 7 | 9 | 11 | 12 |
Кесте 6 - "Радиациялық жағдай" бөлімі бойынша қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері
Нысаналы көрсеткіштер | Кезеңдер | |||
Бастапқы деңгейі | 2019 жыл | 2021 жыл | 2023 жыл | |
Созақ ауданы Ыбырай елді-мекеніндегі тұрғын үйлердің радон белсенділігінің деңгейі, (Бк/м3) | 350 | 350 | ≤200 | ≤100 |
Созақ ауданы Тасты елді-мекеніндегі тұрғын үйлердің радон белсенділігінің деңгейі, (Бк/м3) | 350 | 350 | ≤200 | ≤100 |
Кентау қаласы Оранғай, Ибата елді-мекендердегі тұрғын үйлердің радон белсенділігінің деңгейі, (радонның қауіпті аумақта 10 тұрғын үй бойынша орташа жылдық эквиваленттік тепе-теңдіктің белсенділік көлемі медиандық көрсеткіші (Бк/м3) | 86 | 86 | 70 | ≤50 |
Кесте 7 - "Түркістан және Кентау қалаларының қоныстану аумағындағы физикалық факторлары - шу және электромагниттік сәулелену" бөлімі бойынша қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері
Нысаналы көрсеткіштер | Кезеңдер | |||
Бастапқы деңгейі | 2019 жыл | 2021 жыл | 2023 жыл | |
Түркістан қаласы | ||||
Интенсивті көлік магистральдарының қиылыстарында шудың деңгейі (Б.Саттарханов көшесі Шәуілдір көшесінің қиылысы, С.Қожанов көшесі , Б.Саттарханов көшесінің қиылысы, С.Қожанов көшесі Н.Төреқұлов көшесінің қиылысы, Тынышқұлов көшесі Тәуелсіздікке 10 жыл көшесінің қиылысы, Тәуке-хан көшесі Абылайхан көшесінің қиылысы), дБА | 68-89 | 68-89 | 65 | 60 |
Радиоэлектронды құралдардың (радиотехникалық объектілерді қабылдау-өткізу) көзі орналасқан маңындағы ең жоғары жиілік диапозонында электромагниттік энергия ағыны тығыздығының мәні, мкВт/м2 | 19,3 | 19,3 | 10 | 10 |
Жоғары вольтты электр желісі (50 Гц) маңында өнеркәсіптік жиіліктің электромагнитті өрісін құрайтын электрлік және магниттік құрауыштардың кернеуі, кВ/м; кА/м |
8,45 кВ/м |
8,45 кВ/м |
1,0 кВ/м |
1,0 кВ/м |
Кентау қаласы | ||||
Интенсивті көліктік магистральдардың қиылыстарында шудың деңгейі (Яссауи даңғылы, Момышұлы көшесінің қиылысы, Қонаев даңғылы, Аблайхан көшесінің қиылысы.), дБА | 68-86 | 68-86 | 65 | 60 |
Радиоэлектронды құралдардың (радиотехникалық объектілерді қабылдау-өткізу) көзі орналасқан маңындағы ең жоғары жиілік диапозонында электромагниттік энергия ағыны тығыздығының мәні, мкВт/м2 | 13,4 | 13,4 | 10 | 10 |
Жоғары вольтты электр желісі (50 Гц) маңында өнеркәсіптік жиіліктің электромагнитті өрісін құрайтын электрлік және магниттік құрауыштардың кернеуі, кА/м | 2,61 | 2,61 | 0,32 | 0,32 |
Бк/м3 – текше метрге берілген беккерель.
дБА – А децибеллдері, шудың өлшем бірлігі. А – құрал шудың адамның құлағы сияқты қабылдайтындығын көрсететін таңба
Гц – герц
кА/м – метрге берілген кило ампер
кВ/м - метрге берілген кило вольт
км – километр
мг/кг – килограмға берілген миллиграмм
мкВт/м2 – шаршы метрге берілген микроватт