Түркістан облысы бойынша жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін белгілеу туралы

Жаңа

Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 қыркүйектегі № 42/438-VI шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 10 қазанда № 5209 болып тіркелді

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 591-бабының 2-тармағына, "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 10-бабының 1-тармағы 1-1) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 5-тармағына сәйкес, Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. Түркістан облысы бойынша жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері осы шешімге қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Оңтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2013 жылғы 28 наурыздағы № 12/105-V "Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2274 болып тіркелген, 2013 жылғы 15 мамырда "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) және 2017 жылғы 27 маусымдағы № 13/155-VI "Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 28 наурыздағы № 12/105-V "Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4164 болып тіркелген, 2017 жылғы 24 шілдедегі "Оңтүстік Қазақстан" газетінде және 2017 жылғы 1 тамыздағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Түркістан облыстық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімді "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат
      сессиясының хатшысы Л. Тәшімов
      Облыстық мәслихат хатшысы Қ. Балабиев

  Түркістан облыстық
мәслихатының 2019
жылғы 13 қыркүйектегі
№ 42/438-VI шешіміне
қосымша

Түркістан облысы бойынша жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері

р/с №

Жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану түрлері

Өлшем-бірлігі

Айлық есептік көрсеткішіндегі төлем мөлшерлемелері

1

Ғылыми мақсаттарда

адам-күн

0,1

2

Экологиялық ағарту мақсаттарда

адам-күн

0,1

3

Мәдени ағарту мақсаттарда

адам-күн

0,01

4

Оқыту мақсаттарда

адам-күн

0,01

5

Туристік мақсаттарда

адам-күн

0,1

6

Рекреациялық мақсаттарда

адам-күн

0,1

7

Шектеулі шаруашылық мақсаттарда

адам-күн

0,1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады