Түркістан облысында сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастыру тәртібі мен шарттары туралы қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 1 қарашадағы № 43/465-VI шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 28 қарашада № 5264 болып тіркелді

      "Жарнама туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Заңының 17-2-бабының 3-тармағына сәйкес, Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. Қоса беріліп отырған Түркістан облысында сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастыру тәртібі мен шарттары туралы қағидалары бекітілсін.

      2. "Түркістан облыстық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімді "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат
      сессиясының хатшысы С. Ибадуллаев
      Облыстық мәслихат хатшысы Қ.Балабиев

  Түркістан облыстық мәслихатының
2019 жылғы "1" қарашадағы
№ 43/465-VI шешімімен
бекітілген

Түркістан облысында сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастыру тәртібі мен шарттары туралы қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Түркістан облысында сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастыру тәртібі мен шарттары туралы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы "Жарнама туралы" Заңының 17-2-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 мамырдағы № 37 "Сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастыру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18709 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.

      2. Қағидалар сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастыру тәртібін белгілейді.

      3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жарнама – кез келген құралдардың көмегiмен кез келген нысанда таратылатын және (немесе) орналастырылатын, белгілі бір адамдар тобына арналмаған және жеке немесе заңды тұлғаға, тауарларға, тауар белгiлерiне, жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге қызығушылықты қалыптастыруға немесе қолдауға арналған және оларды өткiзуге ықпал ететін ақпарат;

      2) әлеуметтік жарнама - белгілі бір адамдар тобына арналмаған және қайырымдылық және коммерциялық емес сипаттағы қоғамдық пайдалы мақсаттарға қол жеткізуге, сондай-ақ мемлекеттік мүдделерді қамтамасыз етуге бағытталған ақпарат;

      3) жарнама таратушы – мүлiктi беру және (немесе) пайдалану, оның iшiнде телерадио хабарларын таратудың тexникалық құралдары арқылы және өзге де тәсiлдермен жарнамалық ақпаратты тарату мен орналастыруды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

      4) маңдайша – ғимаратқа кірер жолдардың саны бойынша оған кірер жолдың шегінде және (немесе) алып жатқан аумақ қоршауына кірер жолда, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың нақты тұрған және тауарларды өткізетін, жұмыстарды орындайтын және қызметтерді көрсететін жерлердегі ғимараттарының, оларға жапсарлас құрылыстарының және уақытша құрылыс жайларының шегіндегі шатырларда және қасбеттерде орналастырылатын, дараландыру құралдарын қоса алғанда, жеке және заңды тұлғалардың атауы және қызметінің түрі туралы ақпарат;

      5) дараландыру құралы – тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді), азаматтық айналым қатысушыларын (фирма атауы, тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі және басқасы) айыру үшін қызмет ететін белгі;

      6) сыртқы (көрнекі) жарнама – сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінде орналастырылған және елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде көзбен көруге қолжетімді жарнама;

      7) сыртқы (көрнекі) жарнама объектісі – жарнаманы тарату және (немесе) орналастыру үшін пайдаланылатын құрылыс жайлар, әртүрлі көлемдегі немесе жалпақ конструкциялар, оның ішінде экрандар мен электронды таблолар, жарықты конструкциялар және өзге де құралдар;

      8) жөнсіз жарнама – Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген жарнаманы таратудың, орналастырудың мазмұнына, уақытына, орны мен тәсіліне қойылатын талаптарды бұзушылыққа жол берілген жосықсыз, дәйексіз, әдепсіз, көрінеу жалған және жасырын жарнама;

      9) жергілікті атқарушы орган – облыстың маңызы бар қаланың және ауданның әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган.

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданылады.

2. Түркістан облысында сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастыру тәртібі

      4. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінде, оның ішінде ғимараттардың (құрылыс жайлардың) сыртқы жақтарына орналастырылатын жарнама бейнелерін және (немесе) ақпаратын бейнелеу және салу арқылы жүзеге асырылады.

      5. Жарнама, электрондық коммерция саласын қоса алғанда, таратудың, орналастырудың нысанына немесе пайдаланылатын құралына қарамастан, анық, тікелей ұсынылу кезінде арнаулы білімсіз немесе арнайы құралдарды қолданбай танылатын болуға тиіс.

      6. Қазақстан Республикасының аумағындағы жарнама (мерзімді баспасөз басылымдарын, интернет-ресурстарды, ақпараттық агенттіктерді қоспағанда) қазақ және орыс тілдерінде, сондай-ақ жарнама берушінің қалауы бойынша басқа да тілдерде таратылады.

      Жарнама мазмұнының аудармасы оның негiзгi мағынасын бұрмаламауға тиiс.

      7. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалуына және сатылуына тыйым салынған тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) жарнамалауға жол берiлмейдi.

      Егер жарнама берушi жүзеге асыратын қызмет лицензиялануға тиiс болса, онда тиiстi тауарды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) жарнамалау кезiнде, сондай-ақ жарнама берушiнiң өзiн жарнамалау кезiнде, радиодағы жарнаманы қоспағанда, лицензияның нөмiрiн және лицензия берген органның атауын көрсету қажет.

      8. Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) жарнамасында бағаны (тарифтерді, бағалауларды, мөлшерлемелерді) көрсету теңгемен жүзеге асырылады.

      9. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тiркелмеген дiни бірлестіктер мен рухани (діни) білім беру ұйымдарын жарнамалауға тыйым салынады.

      10. Электрондық казиноны және интернет-казиноны жарнамалауға тыйым салынады.

      11. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілеріндегі жарнамалық бейнелер және (немесе) ақпарат Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, қатыгездiк пен зорлық-зомбылықтың дәріптелуін, порнографияны насихаттау немесе үгiттеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларын және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды құрайтын мәлiметтердi тарату үшiн пайдаланылмауға тиiс.

      12. Жарнама қоғамда дүрбелең туғызбауға, жеке тұлғаларды агрессияға бастамауға, сондай-ақ құқыққа қарсы өзге де әрекеттi (әрекетсiздiктi) қоздырмауға тиiс.

      13. Жөнсiз жарнамаға тыйым салынады.

      14. Мынадай:

      1) жарнамаланатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) басқа жеке немесе заңды тұлғалардың тауарларымен (жұмыстарымен, көрсетiлетiн қызметтерiмен) салыстыратын, сондай-ақ олардың абыройына, қадiр-қасиетiне және iскерлiк беделiне кiр келтiретiн сөздерi, бейнелерi бар;

      2) басқа өнiмдердi жарнамалауда пайдаланылатын фирмалық атауды, тауар белгiсiн, фирмалық ораманы, тауардың сыртқы безендiрiлуiн, формулаларын, бейнелерi мен басқа да коммерциялық белгiлемелерiн көшiрiп алу арқылы не олардың сенiмiн терiс пайдалану арқылы жарнамаланатын өнiмдерге қатысты тұтынушыларды жаңылдыратын;

      3) кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру кезiнде пайдаланылуы тауардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) сипатына, дайындалу тәсiлiне, қасиеттерiне, қолдануға жарамдылығына немесе санына қатысты жаңылыстыруы мүмкiн нұсқамалары немесе дәйектемелерi бар;

      4) жарнамаланатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) пайдаланбайтын жеке немесе заңды тұлғалардың беделiн түсiретiн, қорлайтын және мазақ ететін;

      5) Қазақстан Республикасының заңымен жарнамалауға тыйым салынған тауарлар жарнамасы, егер мұндай жарнама тауар белгісі немесе қызмет көрсету белгісі жарнамалауға тыйым салынған тауардың тауар белгісімен немесе қызмет көрсету белгісімен айырғысыз дәрежеде бірдей немесе ұқсас басқа тауарды жарнамалау түрінде, сондай-ақ осындай тауарды дайындаушыны немесе сатушыны жарнамалау түрінде жүзеге асырылса, жарнама жосықсыз жарнама болып табылады.

      15. Мыналарға:

      1) өнiмдердiң табиғаты, құрамы, дайындау тәсiлi мен күнi, мақсаты, тұтыну қасиеттерi, пайдалану шарттары, сәйкестiк сертификатының, сертификат белгiлерiнiң және ұлттық стандарттарға сәйкестiк белгiлерiнiң болуы, саны, шығарылған жерi сияқты сипаттамаларына;

      2) өнiмнің нарықта болуына, оны белгiлi бiр орында сатып алу мүмкiндiгiне;

      3) жарнама тарату және орналастыру кезiндегi өнiмнiң құны (бағасы) мен ақы төлеудiң қосымша шарттарына;

      4) өнiмдердi жеткiзуге, айырбастауға, қайтаруға, жөндеуге және оларға қызмет көрсетуге;

      5) кепiлдiк мiндеттемелерге, қызмет мерзiмдерiне, жарамдылық мерзiмдерiне;

      6) қолданудың болжамды нәтижелерiне;

      7) заңды тұлғаның зияткерлiк қызметiнiң және соған теңестiрiлген даралау құралдарының, өнiмнiң, орындалған жұмыстардың немесе көрсетiлетiн қызметтiң нәтижелерiне берiлетiн айрықша құқықтарға;

      8) мемлекеттiк нышандарды (елтаңба, жалау, гимн), сондай-ақ халықаралық ұйымдардың нышандарын пайдалану құқықтарына;

      9) ресми тануға, медальдар, жүлделер, дипломдар және өзге де наградалар алуға;

      10) өнiмнiң толық топтамасын, егер ол топтаманың бiр бөлiгi болып табылса, сатып алу тәсiлдерi туралы ақпарат ұсынуға;

      11) зерттеулер мен сынақтар нәтижелерiне, ғылыми терминдерге, техникалық, ғылыми және өзге де жарияланымдардан алынатын дәйек-сөздерге;

      12) басқа адамдардың өнеркәсiптiк немесе сауда қызметiнiң, жеке немесе заңды тұлғаның беделiн түсiретiн кәсiпкерлiк қызметте жүзеге асырылатын тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) туралы ұйғарымдарға;

      13) негiздiлiгi асыра көрсетiлген түрiнде берiлмеуге тиiс статистикалық ақпаратқа;

      14) тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) жасаушының, сатушының немесе оларды жарнамалайтын адамдардың мәртебесiне немесе құзыреттiлiк деңгейiне қатысты шындыққа сай келмейтiн мәлiметтерi бар жарнама дәйексiз жарнама болып табылады.

      16. Мыналар:

      1) жеке тұлғалардың нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, кәсiбiне, әлеуметтiк жағдайына, жасына, жынысына, дiни және саяси нанымына қатысты қорлайтын сөздердi, теңеулердi, бейнелердi пайдалану арқылы жалпыға бірдей қабылдаған iзгілік пен мораль нормаларын бұзатын мәтiндiк, көрiнiстi, дыбыстық ақпаратты қамтитын;

      2) ұлттық немесе әлемдiк игiлiк болып табылатын өнер, мәдениет объектiлеріне, тарих ескерткіштерiне нұқсан келтiретiн;

      3) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк нышандарына, ұлттық валютасына немесе шетел валютасына, дiни нышандарға нұқсан келтiретiн жарнама әдепсiз жарнама болып табылады.

      17. Жарнама берушiнiң (жарнама жасаушы, жарнама таратушы) жарнама тұтынушыны қасақана жаңылыстыратын, жарнамалау көмегiмен берiлетiн жарнамасы көрiнеу жалған жарнама болып табылады.

      18. Радио, теле, бейне, дыбыс және кино өнiмдерiнде, сондай-ақ өзге де өнiмдерде, соның iшiнде арнаулы бейнеқосылғыларды, қосарланған дыбыс жазбаларын пайдалану арқылы және өзге де тәсiлдермен тұтынушының қабылдауына, түйсiгiне аңдаусыз әсер ететiн жарнама жасырын жарнама болып табылады.

      19. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін, оның ішінде нұсқағыштарды орналастыру Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, автомобиль жолдары және жол жүрісі туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      20. Сыртқы (көрнекі) жарнамаға:

      1) маңдайша;

      2) жұмыс режимі туралы ақпарат;

      3) арнайы бөлінген орындарда орналастырылатын мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишалары;

      4) қызмет көрсетудің техникалық құралдарын және көлік құралдарын дараландыру;

      5) автожанармай құю станцияларына кірген жерде орналастырылатын мұнай өнімдерінің түрлері, мұнай өнімдерінің бағалары, сатушының атауы мен логотипі туралы ақпарат;

      6) мәдени құндылықтар туралы және (немесе) тарихи-мәдени мұра объектілері туралы, оның ішінде тарих пен мәдениет ескерткiштерi туралы ақпарат (мәліметтер);

      7) айырбастау пункттерінің жанында орналастырылатын, қолма-қол шетел валютасын теңгемен сатып алу және (немесе) сату бағамдары туралы мәліметтер бар ақпарат;

      8) сырттан көру үшін сөрелер мен терезелерді мынадай:

      үй-жайлардың ішінде орналастырылатын тауар өнімі;

      көрсетілетін қызмет түрлері;

      дараландыру құралдары;

      декоративтік және мерекелік безендіру сипатындағы ішкі безендіру жатпайды.

      21. Кәсіпорындар мен ұйымдар іргелес аумақтың және ғимарат қасбетінің эстетикалық сыртқы түрін қамтамасыз етуі керек. Кіру тобында сыртқы маңдайша, яғни кәсіпорынның бейіні туралы, тұтынушыны кәсіпорынның орналасқан жері туралы хабар ететін және оған кіру есігін көрсететін оның фирмалық атауы мен дараландыру құралдары туралы ақпарат орналастырылуы керек, ол үй-жайға кіру шегінде, алып жатқан аумақтың қоршауының кіреберісінде, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың ғимараттарының, оларға жапсаржайларының және уақытша құрылыстарының шатырлары мен қасбеттерінде, олардың нақты орналасқан және тауарларды іске асыру, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету жерінде орналасуы мүмкін.

      22. Маңдайшаны орналастыру бірыңғай дизайн-кодына сәйкес, жергілікті атқарушы органдарымен берілетін ұсыныстарды ескере отырып жүзеге асырылады;

      23. Сөрелерді көрсетілген кәсіпорында іске асырылатын тауарлар және көрсетілетін қызметтер, яғни тауар өнімдері туралы ақпаратпен, кәсіпорынның жеке фирмалық атауымен, декорациялық безендіру элементтерімен, мерекелік безендірумен ішкі жағынан безендіруге жол беріледі. Сөрелерді безендіру эстетикалық талаптарға жауап беруі тиіс.

      24. Тротуарлар мен велосипед жолдарын қоспағанда, ортақ пайдаланылатын жерден жер учаскелерi азаматтар мен заңды тұлғаларға ортақ пайдалануға нұқсан келтiрмей, сыртқы (көрнекі) жарнама объектiлерiн орналастыру үшiн уақытша жер пайдалануға беріледі.

      25. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуінің жер учаскелері жолдың көліктік-пайдалану сапаларының төмендеуіне жол бермеу, көлік құралдарының жол жүрісі қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтау шарттарымен сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру үшін беріледі, жол белгілеріне және нұсқағыштарына ұқсас болмауға, олардың көрінуін немесе қабылдау тиімділігін нашарлатпауға, жол пайдаланушылардың көздерін қарықтырмауға тиіс.

      26. Сыртқы (көрнекi) жарнаманы тарих пен мәдениет ескерткiштерiнде және олардың қорғау аймақтарында, ғибадат ғимараттарында (құрылысжайларында) және оларға бөлінген аумақ пен олардың қоршауларында, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналастыруға тыйым салынады.

      27. Жекелеген өнiм түрлерiн (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) жарнамалау ерекшелiктерi:

      1. Мыналарды:

      1) этил спиртін және алкоголь өнімін;

      2) ана сүтін алмастырушыларды;

      3) сәйкестікті растаудан өтпеген, сәйкестігі міндетті түрде расталуға жататын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді);

      4) темекі және темекі бұйымдарын;

      5) алкоголь өніміне, темекі және темекі бұйымдарына сұраныс пен қызығушылықты ынталандыруға бағытталған әр түрлі іс-шаралар, соның ішінде ұтыстар, лотереялар ойнату нысанында;

      6) қаржылық (инвестициялық) пирамиданың қызметін жарнамалауға тыйым салынады.

      Алкоголь өнімін, темекі және темекі бұйымын тікелей немесе жанама ұсынатын, алкоголь өнімінің, темекі және темекі бұйымының атауы ретінде белгілі болған тауар белгісінің элементтерін немесе атауын пайдалана отырып, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) жарнамалауға тыйым салынады.

      28. Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен аккредиттелмеген ұйымдардың өнімдердің сәйкестігін міндетті растау жөнінде қызметтер көрсетуді және (немесе) сәйкестігін растау саласындағы делдалдық қызметтер көрсетуді жарнамалауына тыйым салынады.

      29. Медициналық көрсетілетін қызметтерді, профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың әдістері мен құралдарын, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, тағамға биологиялық активті қоспаларды жарнамалаудың ерекшеліктері Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасымен реттеледі.

      30. Қызметтiк және азаматтық қаруды, сондай-ақ экспорты мен импорты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзiлетiн қару-жарақты, әскери техниканы және қосарлы мақсаттағы өнiмдердi жарнамалауға арнаулы басылымдарда ғана, сондай-ақ мамандандырылған көрмелерде немесе сату жәрмеңкелерiнде жол берiледi. Аталған жарнама әскери және арнаулы қаруды, қару-жарақты, әскери техниканы жасау технологиясын, қолдану тәсiлдерiн тiкелей немесе жанама түрде ашып көрсетпеуге тиiс.

      31. Тұрғын үйлердің (тұрғын ғимараттардың) бекітілген жобалау құжаттамасындағы сыныптамасына сәйкес келмейтін салынып жатқан немесе пайдалануға берілген тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) жарнамасына тыйым салынады.

      32. Қаржы, сақтандыру, инвестициялық қызметтердi және бағалы қағаздарды жарнамалау ерекшелiктерi:

      Жеке және заңды тұлғалардың ақшаларын, сондай-ақ бағалы қағаздарды пайдалануға байланысты қаржы (соның iшiнде банктiк), сақтандыру, инвестициялық және өзге де көрсетiлетiн қызметтерге жарнама жасау, тарату, орналастыру кезiнде:

      1) жарнамаланатын қызметтер көрсетуге немесе бағалы қағаздарға тiкелей қатысы жоқ ақпаратты жарнамада келтiруге;

      2) жай акциялар бойынша кiрiс алуға және дивидендтер мөлшерiне кепiлдiк беруге;

      3) бағалы қағаздарды эмиссиясы тiркелмеген, сондай-ақ бағалы қағаздар эмиссиясы тоқтатыла тұрған немесе жасалмады деп танылған кезде жарнамалауға;

      4) қызметтiң болашақтағы тиiмдiлiгі (кiрiстiлiгi) туралы, соның iшiнде бағалы қағаздардың бағамдық құнының өсуiн жариялау арқылы кез келген кепiлдiктер немесе ұсыныстар беруге;

      5) жарнамада айтылған, шарттардың елеулi талаптарының кез келгенiн жасырып қалуға;

      6) басқа жеке тұлғаларды белгiлi бiр кәсiпорынның қызметiне немесе сол кәсiпорынның тауарларын сатып алуға тарту есебiнен жеке тұлғаларды өз табысын немесе пайдасын алуға шақыратын кәсiпкерлiк қызмет түрлерiн жарнамалауға;

      7) сот үлескерлер ақшасын тартуға рұқсаттан айырғаннан кейін тұрғын үйлерді (тұрғын ғимараттарды) жарнамалауға тыйым салынады.

      33. Жарнама жасау, тарату, орналастыру кезiнде кәмелетке толмағандарды қорғау.

      Жарнама жасау, тарату, орналастыру кезiнде кәмелетке толмағандарды олардың сенiмiн және тәжiрибесiнiң жоқтығын терiс пайдаланудан қорғау мақсатында:

      1) ата-ананың, тәрбиешілердің, педагогтардың беделiн түсiруге, кәмелетке толмағандардың оларға деген сенiмiн жоғалтуға;

      2) ата-ананы немесе басқа да адамдарды жарнамаланатын өнiмдi сатып алуға иландыра шақыратын тiкелей ұсыныс жасауға;

      3) белгiлi бiр өнiмге ие болу басқалармен салыстырғанда қандай да болсын артықшылық беретiнiн, сондай-ақ қолда ондай өнiмнiң болмауы керiсiнше жағдайға алып келетiнiн кәмелетке толмағандарға тiкелей көрсетуге;

      4) кәмелетке толмағандарды қауiптi орындар мен жағдайларда көрсету алдын алу мақсаттарында ақталмаса, оны мәтiндiк, көрнекi немесе дыбыстық ақпараттарды жарнамада орналастыруға;

      5) әлеуметтік жарнаманы қоспағанда, кәмелетке толмағандарға арналған тауарларға (жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге) тікелей қатысы жоқ жарнамада кәмелетке толмағандардың бейнелерiн көрнекi немесе дыбыстық пайдалануға;

      6) өнiмдi пайдалану нәтижелерi көрсетiлген немесе сипатталған жағдайларды қоспағанда, кәмелетке толмағандардың өнiмдi пайдалану дағдыларының қажеттi деңгейiн кемiтiп көрсетуге жол берiлмейдi. Жарнама өнiм арналған жас мөлшерi тобындағы кәмелетке толмағандар үшiн нақты қол жеткiзуге болатын ақпарат беруге тиiс;

      7) кәмелетке толмағандардың бойында кәмелетке толмағандарға арналған өнiмнiң құны (бағасы) туралы шындыққа жанаспайтын (бұрмаланған) түсiнiк қалыптастыруға, сондай-ақ жарнамаланатын өнiмге кез келген отбасы бюджетi қол жеткiзе алады деген тiкелей немесе жанама нұсқауға жол берiлмейдi.

      34. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуінен тыс жерде орналастыру туралы хабарлама жіберілген жағдайда жол беріледі.

      35. Жергілікті атқарушы органдарға тиісті хабарлама жібермей сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін өз еркінше орналастыруға жол берілмейді.

      36. Хабарламаларды сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыратын жарнама таратушылар:

      сыртқы (көрнекі) жарнаманы облыстық маңызы бар қалалардағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, облыстық маңызы бар қалалардың аумақтары арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастырған кезде –облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына;

      сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің аумақтары арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастырған кезде – аудандардың жергілікті атқарушы органдарына жібереді.

      37. Хабарлама сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастырылатын болжамды күнге дейін кемінде бес жұмыс күні бұрын жіберіледі.

      38. Хабарламаға:

      1) сыртқы (көрнекі) жарнама орналастырылатын кезең мен орын туралы ақпараты бар мәліметтер нысаны;

      2) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексіне (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) сәйкес сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырудың бірінші айы үшін төлемақының енгізілгенін растайтын құжат;

      3) нобайларымен қоса жарнаманың қазақ және орыс тілдерінде еркін нысандағы сипаты қоса беріледі.

      Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырудың бірінші және кейінгі айлары үшін төлем мөлшері сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыру жағында мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бейнелерді, бейнекөріністерді, жүгіретін жолдарды қоса алғанда, төленген ай ішінде орналастырылған сыртқы (көрнекі) жарнама санына қарамастан, сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру жағының орналасқан жері мен алаңына қарай, салық кодексімен бекітілген базалық ай сайынғы мөлшерлемелерге сәйкес есептеледі.

      Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісі жағының алаңына сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру төленген күнтізбелік ай ішінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру жағына бұрын енгізілген төлемді растайтын құжатты қоса бере отырып, хабарлама жіберу жолымен жүзеге асырылады.

      Үй-жайдың ішінде орналастырылатын бейнелер мен бейнекөріністер тауар өнімін және көрсетілетін қызметтердің түрлерін сипаттайтын сыртқы көзбен көру үшін сөрелер мен терезелердің ішкі безендірілуіне жатады.

      39. Жергілікті атқарушы органдары ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірілмейтін мерзімде мемлекеттік кірістер органдарына төлемақы төлеушілер, төлемақы сомалары, сыртқы (көрнекі) жарнаманың орналастырылу кезеңі мен орны, хабарламаның жіберілгені (жіберілмегені) туралы мәліметтерді ұсынуға міндетті.

      40. Тиісті хабарлама жіберілмеген жағдайда, сыртқы (көрнекі) жарнаманы нақты орналастыру төлемақы сомасын өндіріп алу және бюджетке енгізу үшін негіз болып табылады.

      41. Жергілікті атқарушы органдары сыртқы (көрнекі) жарнаманың аудандары және қалаларында үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, қаланың аумақтары арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде нақты орналастырылғанын орналастыру орнын, жарнама таратушының атауын және орналастыру фактісі анықталған күнді міндетті түрде көрсете отырып, оның орналастырылу фактісін бір рет фото немесе бейне растау жолымен анықтайды.

      42. Сыртқы (көрнекі) жарнама күнтізбелік бір айдан аз мерзімге орналастырылған кезде төлемақы мөлшері күнтізбелік бір ай үшін айқындалады.

      43. Төлемақы сомасы бюджетке сыртқы (көрнекі) жарнама орналастырылған жері бойынша төленеді.

      44. Төлемақы мөлшері төлемақы мөлшерлемелері және сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырудың:

      1) хабарламада көрсетілген;

      2) сыртқы (көрнекі) жарнама хабарлама жіберілмей орналастырылған жағдайда, жергілікті атқарушы органы белгілеген нақты мерзімі негізге алына отырып есептеледі.

      45. Жергілікті атқарушы органдары хабарлама бойынша ұсынылған материалдарға жойылуы міндетті жазбаша уәжді ескертулер береді.

      Жергілікті атқарушы органдары тарапынан ескертулер берген жағдайда сыртқы (көрнекі) жарнама ескертулер жойылған жағдайда ғана орналастарылуы мүмкін.

      46. Жергілікті атқарушы органдары хабарламаны алған күннен бастап төрт жұмыс күні ішінде жауап ұсынбаған жағдайда, өтініш беруші сыртқы (көрнекi) жарнаманы өзі мәлімдеген мерзімдерде орналастыра алады.

      47. Көлiк құралдарында жарнама орналастыру сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру туралы хабарлама жіберілмей және сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы алынбай жүзеге асырылады.

      48. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінде орналастырғаны үшін Салық кодексінде белгіленген тәртіппен және мөлшерлерде төлемақы алынады.

      49. Жеке тұрған сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінің конструкция нөмірі, иесі көрсетілген таңбасы және қолданыстағы телефон нөмірі болуы тиіс.

      50. Ғимараттардың (құрылысжайлардың) сыртқы жақтарына орналастырылған сыртқы (көрнекi) жарнама объектілерінің меншiк иелерi немесе сыртқы (көрнекi) жарнама объектiлерiне өзге заттай құқықтары бар тұлғалар:

      1) сыртқы (көрнекi) жарнама объектілерін тиісінше эстетикалық, санитариялық және техникалық жай-күйде ұстап тұруға;

      2) адамдардың өмірі мен денсаулығы, барлық меншік нысанындағы мүлік үшін сыртқы (көрнекi) жарнама объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;

      3) шартта белгіленген орналастыру мерзімі өткеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде сыртқы (көрнекi) жарнама объектісін бөлшектеуге міндетті.

      51. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін бөлшектеген жағдайда меншік иесі (құқық иеленушісі) тиісті салық салу есебімен алып тастау үшін Қазақстан Республикасының Жарнама туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органын жазбаша хабардар етуі қажет.

      52. Ғимараттардың (құрылысжайлардың) сыртқы жағына орналастырылған сыртқы (көрнекi) жарнама объектілерінің меншiк иелері немесе сыртқы (көрнекi) жарнама объектілеріне өзге заттай құқықтары бар тұлғалар белгіленген мерзімде сыртқы (көрнекi) жарнама объектілерін бөлшектеу жөніндегі міндетін орындамаған немесе сыртқы (көрнекi) жарнама объектісінің меншiк иесі белгісіз болған жағдайда, жергілікті атқарушы орган Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес ғимараттардың (құрылысжайлардың) меншiк иелеріне немесе ғимараттарға (құрылысжайларға) өзге заттай құқықтары бар тұлғаларға сыртқы (көрнекi) жарнама объектілерін бөлшектеу туралы орындалуы міндетті нұсқама береді.

      53. Сыртқы жағына сыртқы (көрнекi) жарнама объектісі орналастырылған ғимараттардың (құрылыс жайлардың) меншік иелері, тұрғын үйдегі (тұрғын ғимараттағы) тұрғын және тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері немесе кондоминиум объектісін басқару органы, ғимараттарға (құрылыс жайларға) өзге заттай құқықтары бар тұлғалар нұсқама берілген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде сыртқы (көрнекi) жарнама объектісін бөлшектеуге міндетті. Ғимараттардың (құрылысжайлардың) сыртқы жағына орналастырылған сыртқы (көрнекi) жарнама объектілерінің меншік иелері немесе сыртқы (көрнекi) жарнама объектілеріне өзге заттай құқықтары бар тұлғалар ғимараттар (құрылыс жайлар) меншік иелерінің, тұрғын үйдегі (тұрғын ғимараттағы) тұрғын және тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің немесе кондоминиум объектісін басқару органының, ғимараттарға (құрылысжайларға) өзге заттай құқықтары бар тұлғалардың талап етуі бойынша сыртқы (көрнекi) жарнама объектілерін бөлшектеуге байланысты шеккен шығындарды өтеуге міндетті.

      Ғимараттардың (құрылыс жайлардың) сыртқы жағына орналастырылған сыртқы (көрнекi) жарнама объектілерінің меншiк иелері немесе сыртқы (көрнекi) жарнама объектілеріне өзге заттай құқықтары бар тұлғалар шығындарды ерікті түрде өтеуден бас тартқан жағдайда, ғимараттардың (құрылыс жайлардың) меншiк иелері, тұрғын үйдегі (тұрғын ғимараттағы) тұрғын және тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері немесе кондоминиум объектісін басқару органы, ғимараттарға (құрылысжайларға) өзге заттай құқықтары бар тұлғалар сыртқы (көрнекi) жарнама объектілерін бөлшектеу кезінде шеккен шығындарын өтеу туралы талап қою арызымен сотқа жүгінуге құқылы.

      54. Сыртқы (көрнекi) жарнаманы жекеше меншiк объектiлерiнде орналастыру жөнiндегi көрсетiлетiн қызметке тұрақты мемлекеттiк бағалар (тарифтер) белгiлеуге тыйым салынады.

      55. Көпшілік пайдаланатын орындарда қаланы мерекелік безендіруді ұйымдастыру, орналастыру және бөлшектеуді қаланың тиісті қызметтері жүзеге асырады.

      56. Ғимараттарда, қоршауларда, қалалық жолаушылар көлігінің пафильондарында, жарықтардың тіреулерінде, ағаштарда қандай да болсын хабарламаларды және басқа да ақпараттық мәлімдемелерді жапсыруға және ілуге жол берілмейді.

      57. Өз бетінші орналастырылатын жарнамалық және өзге де хабарламаларды, жазуларды және суреттерді барлық объектілерден (ғимараттар мен құрылыстардың, дүкендердің қасбеттерінен, түйіспе тор тірегінен және сыртқы жарықтардан және тағы басқалар) жою бойынша жұмыстарды ұйымдастыру ведомстволық тиістілігіне қарамастан, аудан әкімдерінің аппараттарына, сондай-ақ өз бетінге орналастыратын жарнамалық ақпараттың иелеріне жүктеу орынды.

3. Жарнама туралы заңнама бұзушылықты анықтау және жою тәртібі

      58. Жергілікті атқарушы органдары:

      1) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сыртқы (көрнекі) жарнаманы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, қалалары және аудандарының қаланың аумағы арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыру туралы хабарламалар қабылдауды және қарауды жүзеге асырады;

      2) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      3) хабардар етпей орналастырылған сыртқы (көрнекі) жарнаманы және ғимараттар (құрылысжайлар) меншік иелерінің, тұрғын үйдегі (тұрғын ғимараттағы) тұрғын және тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің немесе кондоминиум объектісін басқару органының, ғимараттарға (құрылысжайларға) өзге заттай құқықтары бар тұлғалардың келісімінсіз орналастырылған сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін анықтайды;

      4) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасын бұзушылықты жою туралы орындалуы міндетті нұсқамалар береді;

      5) сыртқы (көрнекі) жарнаманың үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, қалалары және аудандарының аумағы арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде нақты орналастырылғанын орналастыру орнын, жарнама таратушының атауын және орналастыру фактісі анықталған күнді міндетті түрде көрсете отырып, оның орналастырылу фактісін бір рет фото немесе бейне растау жолымен анықтайды;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жүзеге асырады.

      59. Жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыреті шегінде жарнама салысында мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады.

      60. Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.

      61. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау "Жарнама туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

      Жарнама таратушылардың және жарнама берушілердің қызметі жарнама саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау объектісі болып табылады.

      Жарнама таратушылар және жарнама берушілер бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау субъектілері болып табылады.

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары бұзушылықтардың дер кезінде жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын бақылау субъектілеріне беру және оларға әкімшілік жүктемені азайту болып табылады.

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді талдау арқылы жүргізіледі.

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда, бақылау субъектісіне бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсыным жіберіледі.

      Ұсыным бақылау субъектісіне қолын қойғызып, жеке өзіне немесе оны жөнелту және алу фактілерін растайтын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс.

      Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным мынадай жағдайларда:

      1) қолма-қол – ұсынымға алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;

      2) поштамен – тапсырыс хатпен пошта жөнелтілімін алғаны туралы хабардар етілген күннен бастап;

      3) электрондық тәсілмен – мемлекеттік немесе жергілікті атқарушы орган сұрау салған кезде хатта көрсетілген бақылау субъектісінің электрондық мекенжайына жөнелтілген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күнінен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.

      Бақылау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсынымды жіберген мемлекеттік немесе жергілікті атқарушы органға ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу жолымен бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындауға алып келеді.

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау айына екі реттен жиілетпей жүргізіледі.

4. Қорытынды ережелер

      62. Сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастыру егер заңдарда немесе шартта өзгеше көзделмесе, сыртқы (көрнекi) жарнама объектілерінің иелерімен немесе сыртқы (көрнекi) жарнама объектілеріне өзге заттық құқықтарға ие адамдармен жасалған шарттың негізінде жүзеге асырылады.

      63. Қағидалары Түркістан облысының аумағында үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте сыртқы (көрнекi) жарнаманы таратуды, орналастыруды және пайдалануды жүргізетін жеке және заңды тұлғалардың қызметінде туындаған қатынастарға қолданылады.

      64. Мыналар:

      сыртқы (көрнекi) жарнаманы тарату, орналастыру және пайдалану үшін қажетті жағдаймен қамтамасыз ету;

      сыртқы (көрнекi) жарнаманы тарату мен орналастыруды бақылау;

      ұлттық мүдделерді қорғау;

      жөнсіз жарнаманы, сондай-ақ әлеуметтік құндылықтар мен жалпы қабылданған ақылақ пен өнегелік нормаларға қол сұғатын жарнаманы болдырмау және жою;

      жосықсыз бәсекеден қорғау осы Қағидалардың негізгі мақсаттары мен міндеттері болып табылады.

      65. Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық:

      1) Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңдарының жарнаманың мазмұнына, тіліне қатысты бұзылғаны үшiн, егер ол жарнама жасаушының не жарнама таратушының кiнәсiнен болғаны дәлелденбесе, жарнама берушi жауапты болады.

      2) Жарнама жасаушы Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңдарының жарнаманы ресiмдеуге немесе жасауға қатысты бұзылғаны үшiн жауапты болады.

      3) Жарнама таратушы Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңдарының жарнама таратудың, орналастырудың уақытына, орнына және тәсiлiне қатысты бұзылғаны үшiн жауапты болады.

      4) Осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында аталған тұлғалардың жауаптылығы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен туындайды.

  Сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді
мекендердегі үй-жайлардың шегінен
тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ
пайдаланылатын автомобиль
жолдарының бөлінген белдеуінде,
елді мекендерден тыс жердегі
үй-жайлардың шегінен тыс ашық
кеңістікте және жалпыға ортақ
пайдаланылатын автомобиль
жолдарының бөлінген белдеуінен
тыс жерде орналастыру тәртібі мен
шарттары туралы қағидаларына
қосымша
Нысан
  (жергілікті атқарушы органы)
____________________________
(басшының аты, әкесінің аты (болған кезде) тегі)
____________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (болған кезде)
тегі, байланыс телефоны,
____________________________
заңды тұлғаның мекенжайы немесе толық атауы)
____________________________
(жеке тұлғаның ЖСН немесе
____________________________
заңды тұлғаның БСН),
____________________________
байланыс телефоны, мекенжайы)

Сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуінен тыс жерде орналастыру хабарлама

      Меншік иесі _________________________________________________________
(сыртқы (көрнекі) жарнама иесін, меншік құқығын
растайтын құжатты көрсету)
Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру орны және кезеңі
____________________________________________________________________
(орналастыру орнын және кезеңін көрсету)
Эскиздің сипаттамасы:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Қосымша: 1)
сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы жасалғанын растайтын құжат;
2) эскиз.

      Күні__________ Қолы_________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады