Арыс қалалық мәслихатының 2017 жылғы 21 қыркүйектегі № 15/107-VI "Арыс қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу мен жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Арыс қалалық мәслихатының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 42/295-VI шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2019 жылғы 4 желтоқсанда № 5279 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Арыс қалалық мәслихатының 2024 жылғы 5 қаңтардағы № 13/79-VІІІ шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Арыс қалалық мәслихатының 05.01.2024 № 13/79-VІІІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10030 тіркелген) сәйкес, Арыс қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Арыс қалалық мәслихатының 2017 жылғы 21 қыркүйектегі № 15/107-VI "Арыс қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу мен жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4232 тіркелген, 2017 жылы 26 қазанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      корсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Арыс қалалық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Арыс қалалық мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Арыс қалалық мәслихат аппаратының басшысы М. Сыдыховқа жүктелсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат
      сессиясының төрағасы Б. Токсеитов
      Қалалық мәслихат хатшысы А. Байтанаев

  Арыс қалалық мәслихатының
2019 жылғы 29 қарашадағы
№ 42/295-VІ шешіміне
қосымша
  Арыс қалалық мәслихатының
2017 жылғы 21 қыркүйектегі
№ 15/107-VІ шешіміне
1 қосымша

Арыс қаласы бойынша тұрғын үй қоры мен тұрғын емес үй-жайлар объектілерінің түрлері

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер

Есептік бірлік

Орташа жылдық жинақталу нормалары, м3

1

Жайлы және жайлы емес үйлер

1 тұрғын

1,1
1,4

2

Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар

1 орын

0,62

3

Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері

1 орын

0,69

4

Балабақшалар, бөбекжайлар

1 орын

0,37

5

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

0,92

6

Емханалар

1 келіп кету

0,014

7

Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері

1 төсек-орын

1,11

8

Мектептер және өзге де оқу орындары

1 оқушы

0,3

9

Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері

1 отыратын орын

0,95

10

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы

1 отыратын орын

0,43

11

Мұражайлар, көрмелер

Жалпы алаңы 1 м2

0,03

12

Стадиондар, спорт алаңдары

Жоба бойынша 1 орын

0,03

13

Спорт, би және ойын залдары

Жалпы алаңы 1 м2

0,12

14

Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер

Сауда алаңы 1 м2

0,34

15

Машиналардан сату

Сауда орнының 1 м2

1,2

16

Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер

Сауда алаңы 1 м2

0,38

17

Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары

Жалпы алаңы 1 м2

0,14

18

Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары

Жалпы алаңы 1 м2

0,05

19

Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету

Жалпы алаңы 1 м2

-

20

Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар

Жалпы алаңы 1 м2

0,23

21

Жағажайлар

Жалпы алаңы 1 м2

-

22

Дәріханалар

Сауда алаңы 1 м2

0,21

23

Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар

1 машина-орын

1,36

24

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

0,95

25

Гараж кооперативтері

1 гаражға

-

26

Шаштараздар, косметикалық салондар

1 жұмыс орны

0,58

27

Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі

Жалпы алаңы 1 м2

0,23

28

Зергерлік, аяққиімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары

Жалпы алаңы 1 м2

0,5

29

Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар)

1 жұмыс орны

-

30

Моншалар, сауналар

Жалпы алаңы 1 м2

0,18

31

Қала аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар

1000 қатысушы

0,3

32

Бау-бақша кооперативтері

1 учаске

-


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады