Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Арыс қалалық мәслихатының 05.01.2024 № 13/79-VІІІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) және 2) тармақшаларына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 10030 тіркелген) және "Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 1 қыркүйектегі № 404 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14285 тіркелген) сәйкес, Арыс қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Арыс қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Арыс қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | Қ.Елғонов |
Қалалық | |
мәслихат хатшысы | А.Байтанаев |
Арыс қалалық мәслихатының 2017 жылғы 21 қыркүйектегі № 15/107-VІ шешіміне 1 қосымша |
Арыс қаласы бойынша тұрғын үй қоры мен тұрғын емес үй-жайлар объектілерінің түрлері
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Түркістан облысы Арыс қалалық мәслихатының 29.11.2019 № 42/295-VI шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік | Орташа жылдық жинақталу нормалары, м3 |
1 | Жайлы және жайлы емес үйлер | 1 тұрғын |
1,1 |
2 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын | 0,62 |
3 | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 0,69 |
4 | Балабақшалар, бөбекжайлар | 1 орын | 0,37 |
5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0,92 |
6 | Емханалар | 1 келіп кету | 0,014 |
7 | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 1,11 |
8 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,3 |
9 | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 0,95 |
10 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы | 1 отыратын орын | 0,43 |
11 | Мұражайлар, көрмелер | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,03 |
12 | Стадиондар, спорт алаңдары | Жоба бойынша 1 орын | 0,03 |
13 | Спорт, би және ойын залдары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,12 |
14 | Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,34 |
15 | Машиналардан сату | Сауда орнының 1 м2 | 1,2 |
16 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,38 |
17 | Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,14 |
18 | Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,05 |
19 | Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету | Жалпы алаңы 1 м2 | - |
20 | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,23 |
21 | Жағажайлар | Жалпы алаңы 1 м2 | - |
22 | Дәріханалар | Сауда алаңы 1 м2 | 0,21 |
23 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар | 1 машина-орын | 1,36 |
24 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 0,95 |
25 | Гараж кооперативтері | 1 гаражға | - |
26 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 0,58 |
27 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,23 |
28 | Зергерлік, аяққиімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,5 |
29 | Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар) | 1 жұмыс орны | - |
30 | Моншалар, сауналар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,18 |
31 | Қала аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар | 1000 қатысушы | 0,3 |
32 | Бау-бақша кооперативтері | 1 учаске | - |
Арыс қалалық мәслихатының 2017 жылғы 21 қыркүйектегі № 15/107-VІ шешіміне 2 қосымша |
Арыс қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтері
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Түркiстан облысы Арыс қалалық мәслихатының 20.03.2019 № 34/240-VI шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ | Атаулары | Есептік бірлік | Баға, теңгемен |
1 | Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету тарифтері | ||
1.1 | Жайлы емес үйлер | 1 адам | 165 |
1.2 | Жайлы үйлер | 1 адам | 145 |
1.3 | Заңды тұлғалар | 1 текше метр | 1804 |
2 | Тұрмыстық қатты қалдықтарды көмуге арналған тарифтері | ||
2.1 | Жеке тұлғалар үшін | 1 текше метр | 150 |
1 тонна | 800 | ||
2.2 | Заңды тұлғалар үшін | 1 текше метр | 200 |
1 тонна | 800 | ||
3 | Тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге арналған тарифтері | ||
3.1 | Түсті және қара металдар сынықтары | 1 килограмм | 60 |
3.2 | Рекультивациялау кезiнде тұрақтандырушы материал ретiнде қолданылуын қоспағанда, пайдаланылған тұтастай шиналар және олардың бөліктері | 1 килограмм | 10 |
3.3 | Макулатура, картон және қағаз қалдықтары | 1 килограмм | 10 |
3.4 | Пластмасса, пластика, полиэтилен қалдықтары және полиэтилентерефталат орамасы | 1 дана | 3 |
3.5 | Шыны сынықтары | 1 дана | 5 |
3.6 | Құрамында сынап бар лампалар мен аспаптар | 1 дана | 5 |
3.7 | Электрондық және электр жабдықтары | 1 килограмм | 20 |
3.8 | Литий, қорғасын-қышқыл батареялары | 1 килограмм | 80 |