Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Кентау қаласы әкiмдігінiң 2019 жылғы 16 қазандағы № 530 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2019 жылғы 1 қарашада № 5236 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Кентау қаласы әкiмдігінiң 2020 жылғы 13 тамыздағы № 283 қаулысымен

       Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Кентау қаласы әкiмдігінiң 13.08.2020 № 283 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабының 6) тармақшасына, 27 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы бұйрығымен бекітілген "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына" сәйкес, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына осы қаулының қосымшасына сәйкес квота белгіленсін.

      2. Кентау қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 24 шілде № 208 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4185 нөмірімен тіркелген, 2017 жылғы 19 тамыздағы "Кентау шұғыласы" газетінде және 2017 жылғы 18 тамызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде элоктрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Кентау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Кентау қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С.Расұлға жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Д. Махажанов

  Кентау қаласы әкімдігінің
"16" қазандағы 2019 жылғы
қаулысына қосымша

Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымдардың атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квота мөлшері (%)

Мүгедектер үшін квота белгіленген жұмыс орындарының саны

1

2

3

4

5

1

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының "№ 7 колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

140

3

4

2

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының "Кентау көпсалалы колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

144

3

4

3

Кентау қаласы әкімдігі тұрғын –үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Кентау Сервис" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

347

4

14

4

Кентау қаласы әкімдігі тұрғын –үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Ащысай Су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

197

3

6

5

"Кентау трансформатор зауыты" акционерлік қоғамы

1061

4

42

6

Кентау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің "Ы.Алтынсарин атындағы №1 қоғамдық –гуманитарлық пәндер бағытындағы мектеп гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

134

3

4

7

Кентау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің "Әл-Фараби атындағы № 14 эстетикалық-лингвистикалық бағыттағы мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

129

3

4

8

Кентау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің "Т.Рысқұлов атындағы № 24 жалпы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

101

3

3

9

Кентау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің "Махмуд Қашғари атындағы жаратылыстану бағытындағы мектеп-лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

150

3

5

10

Кентау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің "Қызыл Әскер" жалпы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

152

3

5

11

Кентау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің "А.Югнаки атындағы жалпы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

159

3

5

12

Кентау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің "Тұран" атындағы жалпы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

107

3

3

13

Кентау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің "М.Әуезов атындағы жалпы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

134

3

4

14

Кентау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің "Ұлықбек атындағы жалпы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

182

3

5

15

Кентау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің "Иқан" жалпы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

177

3

5

16

Кентау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің "Х.А.Яссауи атындағы жалпы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

113

3

3

17

Кентау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің "Молда Мұса атындағы жалпы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

214

3

6


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады