Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстiк Қазақстан облысы Кентау қаласы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 24 шілдедегі № 208 қаулысы. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2017 жылғы 9 тамызда № 4185 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Кентау қаласы әкiмдігінiң 2019 жылғы 16 қазандағы № 530 қаулысымен

      Ескерту. Күшi жойылды - Түркiстан облысы Кентау қаласы әкiмдігiнiң 16.10.2019 № 530 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабының 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 6) тармақшасына сәйкес Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына осы қаулының қосымшасына сәйкес квота белгіленсін.

      2. Кентау қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 28 ақпандағы № 52 "Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3995 нөмірімен тіркелген, 2017 жылғы 1 сәуірдегі "Кентау шұғыласы" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Кентау қаласы әкімінің орынбасары Б. Кнатовқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кентау қаласының әкімі Ә. Мақұлбаев

  Кентау қаласы әкімдігінің
24 шілдедегі 2017 жылғы
№ 208 қаулысына қосымша

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасының мөлшері

Кәсіпорының, ұйымының, мекеменің атауы

Тізімдік саны

Квота мөлшері (%)

1.

Кентау қаласы әкімдігі білім беру бөлімінің "Ы. Алтынсарин атындағы қоғамдық –гуманитарлық пәндер бағытындағы № 1 мектеп гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

114

3

2.

Кентау қаласы әкімдігі білім беру бөлімінің "Ю. Гагарин атындағы № 16 мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

115

3

3.

Кентау қаласы әкімдігі білім беру бөлімінің "М. Әуезов атындағы № 22 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

133

3

4.

Кентау қаласы әкімдігі білім беру бөлімінің "Қарнақ" жалпы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

116

3

5.

"Ердес наны" жауапкершілік шектеулі серіктестігі

96

2



574



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады