Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Кентау қаласы әкiмдігінiң 2020 жылғы 13 тамыздағы № 283 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 14 тамызда № 5754 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Кентау қаласы әкiмдігінiң 2021 жылғы 21 сәуірдегі № 227 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Кентау қаласы әкiмдігінiң 21.04.2021 № 227 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабының 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 6) тармақшасына сәйкес, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына осы қаулының қосымшасына сәйкес квота белгіленсін.

      2. Кентау қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 16 қазандағы № 530 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5236 нөмірімен тіркелген, 2019 жылғы 9 қарашадағы "Кентау шұғыласы" газетінде және 2019 жылы 11 қарашада Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде элоктрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Кентау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Кентау қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ғ.Үсенбаевқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Д.Махажанов

  Кентау қаласы әкімдігінің
" 13 " тамыз 2020 жылғы
№ 283 қаулысына қосымша

Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымдардың атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квота мөлшері (%)

Мүгедектер үшін квота белгіленген жұмыс орындарының саны

1

2

3

4

5

1

Кентау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің "Аманкелді" жалпы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

50

2

1

2

Кентау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің "Алмагуль" бөбекжай-балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

61

2

1

3

Кентау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің "Шыпан" жалпы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

103

3

3

4

Кентау қаласы әкімдігі Қарнақ ауылы әкімі аппаратының "Айша Бибі" бөбекжай балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

51

2

1

5

"Кентау трансформатор зауыты" акционерлік қоғамы

974

4

39

6

Кентау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің "Ы.Алтынсарин атындағы №1 қоғамдық–гуманитарлық пәндер бағытындағы мектеп гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

152

3

5

7

"Аяулым-М" балабақшасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

51

2

1

8

Кентау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің "Т.Рысқұлов атындағы №24 жалпы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

148

3

4

9

Кентау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің "Ұлықбек" атындағы жалпы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

268

4

11

10

Кентау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің "Қызыл Әскер" жалпы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

215

3

6

11

Кентау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің "А.Югнаки атындағы жалпы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

230

3

7

12

Кентау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің "Тұран" жалпы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

174

3

5

13

Кентау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің "Ы.Алтынсарин атындағы шағын жинақталған жалпы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

67

2

1

14

Кентау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің "Ю.Гагарин атындағы №16 мектеп-лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

177

3

5

15

Кентау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің "Шобанақ" жалпы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

101

3

3

16

Кентау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің "Молда Мұса атындағы жалпы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

271

4

11

17

Кентау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің "Қамқор" бөбекжай-балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

58

2

1

18

Кентау қаласы әкімдігінің Шорнақ ауыл округ әкімі аппаратының "Алтын сақа" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

58

2

1

19

Кентау қаласы әкімдігінің "Еркетай" бөбекжай-балабақшасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

61

2

1


Барлығы

3270

-

107


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады