Түркістан қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Түркістан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 2019 жылғы 14 тамыздағы № 51/253-VI шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 15 тамызда № 5166 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабының 1 тармағына, бірлескен Түркістан облыстық әкімдігінің 2018 жылғы 27 шілдедегі № 221 қаулысына және Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 27 шілдедегі № 28/309-VI "Түркістан облысы Түркістан және Кентау қалаларының шекараларын өзгерту туралы" Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4707 тіркелген шешіміне сәйкес, Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Түркістан қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. "Түркістан қалалық маслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Түркістан қалалық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат
      сессиясының төрағасы С. Арыстанов
      Қалалық мәслихат хатшысы Ғ. Сарсенбаев

  Түркістан қалалық
мәслихатының 2019 жылғы
14 тамыздағы № 51/253-VI
шешіміне қосымша

Түркістан қалалық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Түркістан қалалық мәслихатының 2013 жылғы 8 қазандағы № 19/115-V "Түркістан қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2389 нөмірімен тіркелген, 2013 жылғы 9 қарашадағы "Түркістан" газетінде жарияланған),

      2. Түркістан қалалық мәслихатының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 38/209-V "Түркістан қалалық мәслихатының 2013 жылғы 8 қазандағы № 19/115-V "Түркістан қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 2956 тіркелген, 2015 жылғы 23 қаңтарда "Түркістан" газетінде және 2015 жылғы 26 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған),

      3. Түркістан қалалық мәслихатының 2018 жылғы 5 сәуірдегі № 29/161-VI "Түркістан қаласының ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 4559 тіркелген, 2018 жылғы 27 сәуірдегі "Түркістан" газетінде және 2018 жылғы 15 мамырда Қазақстан Республикасының НҚА эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады