Қазығұрт ауданы бойынша елді мекендердің шекараларын өзгерту туралы

Жаңа

Бірлескен Түркістан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 5 қаулысы және Түркістан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 53/330-VI шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 14 қаңтарда № 5370 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 108-бабының 1, 5 тармақтарына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, ауданның жер қатынастары мен құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің бірлескен ұсынысы негізінде Қазығұрт ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазығұрт аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазығұрт ауданы бойынша;

      1) Қақпақ ауылы округі, Заңғар елді мекенінің барлығы 77,63 гектар жеріне 2,0 гектар жайылым жер қосылып, Заңғар елді мекенінің аумағы 79,63 гектарға;

      2) Сарапхана ауылдық округі, Жіңішке елді мекенінің барлығы 146,4 гектар жеріне 17,5 гектар жайылым жер қосылып, Жіңішке елді мекенінің аумағы 163,9 гектарға;

      3) Сарапхана ауылдық округі, Махамбет елді мекенінің барлығы 145,5 гектар жеріне 15,0 гектар жайылым жер қосылып, Махамбет елді мекенінің аумағы 160,5 гектарға;

      4) Қарабау ауылы округі, Жұмысшы елді мекенінің барлығы 173,04 гектар жеріне 18,0 гектар жайылым жер қосылып, Жұмысшы елді мекенінің аумағы 191,04 гектарға;

      5) Шарбұлақ ауылы округі, Ақбастау елді мекенінің барлығы 93,26 гектар жеріне 55,0 гектар жайылым жер қосылып, Ақбастау елді мекенінің аумағы 148,26 гектарға;

      6) Қызылқия ауылы округі, Айнатас елді мекенінің барлығы 237,27 гектар жеріне 20,0 гектар жайылым жер қосылып, Айнатас елді мекенінің аумағы 257,27 гектарға;

      7) Қызылқия ауылы округі, Ынталы елді мекенінің барлығы 110,18 гектар жеріне 2,3 гектар жайылым жер қосылып, Ынталы елді мекенінің аумағы 112,48 гектарға;

      8) Жаңабазар ауылы округі, ХХ-лет Каз ССР елді мекенінің барлығы 58,52 гектар жеріне 76,1 гектар жайылым жер қосылып, ХХ-лет Каз ССР елді мекенінің аумағы 134,62 гектарға;

      9) Қ.Әбдәлиев ауылдық округі, Еңбекші елді мекенінің барлығы 24,92 гектар жеріне 22,6 гектар жайылым жер қосылып, Еңбекші елді мекенінің аумағы 47,52 гектарға;

      10) С.Рақымов ауыл округі, Майбұлақ елді мекенінің барлығы 166,49 гектар жеріне 38,5 гектар жайылым жер қосылып, Майбұлақ елді мекенінің аумағы 204,99 гектарға;

      11) С.Рақымов ауыл округі, Қызылата елді мекенінің барлығы 86,38 гектар жеріне 31,6 гектар жайылым жер қосылып, Қызылата елді мекенінің аумағы 117,98 гектарға;

      12) Жігерген ауыл округі, Тесіктөбе елді мекенінің барлығы 124,42 гектар жеріне 12,0 гектар жайылым жер қосылып, Тесіктөбе елді мекенінің аумағы 136,42 гектарға ұлғайтылып, шекаралары өзгертілсін.

      2. "Қазығұрт аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен қаулы және шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы бірлескен қаулы және шешімді Қазығұрт аудандық мәслихаттың интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Т.Телғараев
      Сессия төрағасы С.Сманов
      Мәслихат хатшысы У.Копеев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады