Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Мақтаарал ауданы әкiмдiгiнiң 06.05.2021 № 285 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағы және "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 3 бабының 7 тармағына және 6 бабының 2 тармағына сәйкес, Мақтаарал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мақтаарал ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Мақтаарал ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз жіне электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық және ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Мақтаарал ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Мақтаарал ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің міндетін | |
уақытша атқарушы | Б. Туребеков |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Түркістан облысының жолаушылар
көлігі және автомобиль жолдары
басқармасы" басшысы
_______________ Р.Ибрагимов
"17" маусым 2019 жыл
Мақтаарал ауданы әкімдігінің "08" тамыз 2019 жылғы № 518 қаулысына қосымша |
Мақтаарал ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері
№ р/с | Автомобиль жолдарының индексі | Автомобиль жолдарының атауы | Автомобиль жолдарының мекен-жайы, шақырым | Жалпы ұзындығы, шақырым |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | КХМR-1 | "А-15 Атакент"-КАЗ ССР 40 жылдығы-Елқоныс-Амангелді | 0-5,330 | 5,330 |
2 | КХМR-2 | "А-15 Атакент"-Жұлдыз ауылына кіре беріс | 0-2,500 | 2,500 |
3 | КХМR-3 | КХМR-2-Еңбекші ауылына кіре беріс | 0-0,750 | 0,750 |
4 | КХМR-4 | КХ-76-Береке ауылына кіре беріс | 0-0,500 | 0,500 |
5 | КХМR-5 | "А-15 Атакент"-Игілік ауылына кіре беріс | 0-0,710 | 0,710 |
6 | КХМR-5 | "А-15 Атакент"-Игілік ауылына кіре беріс (жалғасы) | 0-0,700 | 0,700 |
7 | КХМR-6 | КХ-78-Жалын ауылына кіре беріс | 0-0,600 | 0,600 |
8 | КХМR-7 | "А-15 Гүлістан"- Алғабас - Еркінабад | 0-3,700 | 3,700 |
9 | КХМR-8 | "М-39 Ташкент-Термез"-Еркінабад ауылына кіре беріс | 0-0,970 | 0,970 |
10 | КХМR-9 | КХ-77-Нұрлытаң ауылына кіре беріс "А-15 Гүлістан" | 0-4,030 | 4,030 |
11 | КХМR-10 | КХ-77-Шұғыла ауылына кіре беріс | 0-1,980 | 1,980 |
12 | КХМR-11 | "А-15 Гүлістан"-Жаңа тұрмыс ауылына кіре беріс | 0-0,600 | 0,600 |
13 | КХМR-12 | КХ-77-Жайлыбаев-Қызылкүншығыс | 0-1,060 | 1,060 |
14 | КХМR-13 | КХ-100-Азамат ауылына кіре беріс | 0-3,400 | 3,400 |
15 | КХМR-14 | "А-15 Гүлістан" Наурыз ауылына кіре беріс | 0-2,920 | 2,920 |
16 | КХМR-15 | "М-39 Ташкент-Термез"-Нұрлыжол ауылына кіре беріс | 0-1,190 | 1,190 |
17 | КХМR-16 | КХ-77-Жеңіс-Сардаба-КХ-77 | 0-1,360 | 1,360 |
18 | КХМR-17 | КХ-77-Жеңіс ауылына кіре беріс | 0-0,560 | 0,560 |
19 | КХМR-18 | КХ-100-Қарақыр-МТФ | 0-5,200 | 5,200 |
20 | КХМR-19 | КХМR-18-Өркен ауылына кіре беріс | 0-1,770 | 1,770 |
21 | КХМR-20 | КХ-19-Төрткүл ауылына кіре беріс | 0-2,630 | 2,630 |
22 | КХМR-21 | "А-15 Гүлістан"-Мырзакент кентіне кіре беріс | 0-1,850 | 1,850 |
Мақтаарал ауданының аудандық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша барлығы: | 44,3 |