"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағы және "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 3 бабының 7 тармағына және 6 бабының 2 тармағына сәйкес, Мақтаарал ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мақтаарал ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін, атаулары мен индекстері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Мақтаарал ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 8 тамыздағы № 518 "Мақтаарал ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін, атаулары мен индекстерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5163 тіркелген, 2019 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3."Мақтаарал ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Мақтаарал ауданы әкімдігі интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Б.Туребековке жүктелсiн.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б. Асанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Түркістан облысының жолаушылар
көлігі және автомобиль жолдары
басқармасы" басшысы
_______________ Р.Ибрагимов
" " 2021 жыл
Мақтаарал ауданы әкімдігінің "6" мамырдағы 2021 жылғы № 285 қаулысына № 1 қосымша |
Мақтаарал ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері
№ р/с | Автомобиль жолдарының индексі | Автомобиль жолдарының атауы | Автомобиль жолдарының мекен-жайы, шақырым | Жалпы ұзынды ғы, шақырым |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | КХМR-1 | "А-15 Атакент"-КАЗ ССР 40 жылдығы-Елқоныс-Амангелді | 0-5,330 | 5,330 |
2 | КХМR-2 | "А-15 Атакент"-Жұлдыз ауылына кіре беріс | 0-2,500 | 2,500 |
3 | КХМR-3 | КХМR-2-Еңбекші ауылына кіре беріс | 0-0,750 | 0,750 |
4 | КХМR-4 | КХ-76-Береке ауылына кіре беріс | 0-0,500 | 0,500 |
5 | КХМR-5 | "А-15 Атакент"-Игілік ауылына кіре беріс | 0-0,710 | 0,710 |
6 | КХМR-5 | "А-15 Атакент"-Игілік ауылына кіре беріс (жалғасы) | 0-0,700 | 0,700 |
7 | КХМR-6 | КХ-78-Жалын ауылына кіре беріс | 0-0,600 | 0,600 |
8 | КХМR-7 | "А-15 Гүлістан"- Алғабас - Еркінабад | 0-3,700 | 3,700 |
9 | КХМR-8 | "М-39 Ташкент-Термез"-Еркінабад ауылына кіре беріс | 0-0,970 | 0,970 |
10 | КХМR-9 | КХ-77-Нұрлытаң ауылына кіре беріс "А-15 Гүлістан" | 0-4,030 | 4,030 |
11 | КХМR-10 | КХ-77-Шұғыла ауылына кіре беріс | 0-1,980 | 1,980 |
12 | КХМR-11 | "А-15 Гүлістан"-Жаңа тұрмыс ауылына кіре беріс | 0-0,600 | 0,600 |
13 | КХМR-12 | КХ-77-Жайлыбаев-Қызылкүншығыс | 0-1,060 | 1,060 |
14 | КХМR-13 | КХ-100-Азамат ауылына кіре беріс | 0-3,400 | 3,400 |
15 | КХМR-14 | "А-15 Гүлістан" Наурыз ауылына кіре беріс | 0-2,920 | 2,920 |
16 | КХМR-15 | "М-39 Ташкент-Термез"-Нұрлыжол ауылына кіре беріс | 0-1,190 | 1,190 |
17 | КХМR-16 | КХ-77-Жеңіс-Сардаба-КХ-77 | 0-1,360 | 1,360 |
18 | КХМR-17 | КХ-77-Жеңіс ауылына кіре беріс | 0-0,560 | 0,560 |
19 | КХМR-18 | КХ-100-Қарақыр-МТФ | 0-5,200 | 5,200 |
20 | КХМR-19 | КХМR-18-Өркен ауылына кіре беріс | 0-1,770 | 1,770 |
21 | КХМR-20 | КХ-19-Төрткүл ауылына кіре беріс | 0-2,630 | 2,630 |
22 | КХМR-21 | "А-15 Гүлістан"-Мырзакент кентіне кіре беріс | 0-1,850 | 1,850 |
23 | КХМR-22 | КХ-100-Мырзатөбе-Ынталы | 0-4,8 | 4,8 |
24 | КХМR-23 | КХ-100 Қалшораев ауылына кіреберіс | 0-5 | 5 |
25 | КХМR-24 | КХ-100-Арайлы-Өнімкер-Ынталы | 0-8,5 | 8,5 |
Мақтаарал ауданының аудандық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша барлығы: | 62,6 |