Бөржар ауылдық округіне қарасты Теспе елді мекені Әйтеке би көшесінің аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Ордабасы ауданы Бөржар ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 8 мамырдағы № 78 шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2019 жылғы 8 мамырда № 5046 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Ордабасы ауданы Бөржар ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 19 тамыздағы № 127 шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Ордабасы ауданы Бөржар ауылдық округі әкімінің 19.08.2019 № 127 шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi)

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ордабасы аудандық аумақтық инспекция басшысының 2019 жылғы 24 сәуірдегі № 02-05/95 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында Бөржар ауыл округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бөржар ауылдық округі, Теспе елді мекеніне қарасты Әйтеке би көшесі тұрғынының ауласында 1 (бір) мал табынының арасынан бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Бөржар ауыл округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Ордабасы ауданы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануға жолданылуын;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Бөржар ауыл округі әкімі аппаратының ресми интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бөржар ауыл округі әкімі Е. Алтынбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады