Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Отырар аудандық мәслихатының 12.05.2023 № 2/16-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.
Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10030 тіркелген) және "Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге,кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 1 қыркүйектегі № 404 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 14285 тіркелген) сәйкес, Отырар ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Отырар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 18/87-VI "Отырар ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу мен жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4227 тіркелген, 2017 жылғы 13 қазанда "Отырар алқабы" газетінде және 2017 жылғы 17 қазанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
реттiк нөмiрi 6-жол мынадай редакцияда жазылсын, орыс тiлiндегi мәтiнi өзгермейдi:
"
6 | Емханалар | 1 келiп кету | 0,28 |
";
реттiк нөмiрi 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
7 | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелерi | 1 төсек-орын | 1,0 |
";
реттiк нөмiрi 9-жол мынадай редакцияда жазылсын, орыс тiлiндегi мәтiнi өзгермейдi:
"
9 | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелерi | 1 отыратын орын | 0,0001 |
";
реттiк нөмiрi 10-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
10 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгi клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы | 1 отыратын орын | 0,2 |
";
реттiк нөмiрi 14 және 15-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
14 | Азық-түлiк, өнеркәсiптiк тауар дүкендерi, супермаркеттер | сауда алаңы 1 м2 | 1,23 |
15 | Машиналардан сату | сауда орнының 1 м2 | - |
";
реттiк нөмiрi 16-жол алынып тасталсын.
2. "Отырар ауданының маслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің Түркістан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Отырар ауданының мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | К. Нуркулов |
Аудандық мәслихат хатшысы | М. Манапов |