Отырар ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Жаңа

Түркістан облысы Отырар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 12 мамырдағы № 2/16-VIII шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2023 жылғы 17 мамырда № 6273-13 болып тiркелдi

      Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 365-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Отырар ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Отырар ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Отырар ауданының мәслихатының келесідей шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) "Отырар ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу мен жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 18/87-VI шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4227 болып тіркелген);

      2) "Отырар ауданының мәслихатының 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 18/87-VI "Отырар ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу мен жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2019 жылғы 29 тамыздағы № 45/213-VI шешiмi (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5179 болып тіркелген).

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Отырар ауданының мәслихатының төрағасы У. Ұзақов

  Отырар ауданының мәслихатының
шешіміне қосымша 2023 жылғы
12 мамырдағы № 2/16-VIII

Отырар ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер

Атауы

Есептік бірлік

Теңге (Қосылған құн салығынсыз)

Жайлы үйлер

1 айына тұрғыннан

145

Жайлы емес үйлер

1 айына тұрғыннан

150

Жылдық тариф бірлігіне (көлемі)

1 м3

1 623


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады