Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды,жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Сарыағаш ауданы әкiмдiгiнiң 2019 жылғы 11 қаңтардағы № 14 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2019 жылғы 14 қаңтарда № 4886 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Сарыағаш ауданы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 1 шілдедегі № 162 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Сарыағаш ауданы әкiмдiгiнiң 01.07.2020 № 162 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабының 7), 8), 9) тармақшаларына сәйкес Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      3. Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 3-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      4. Сарыағаш ауданы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 18 тамыздағы № 302 "Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4198 болып тiркелген, 2017 жылғы 4 қыркүйекте "Сарыағаш" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      5. "Сарыағаш ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Сарыағаш ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Сарыағаш ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Суюбаевқа жүктелсін.

      7. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі К. Абдуалиев

  Сарыағаш ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 11 қаңтардағы
№ 14 қаулысына 1-қосымша

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін Сарыағаш ауданы ұйымдарының тізімі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Түркістан облысы Сарыағаш ауданы әкiмдiгiнiң 17.01.2020 № 10 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Квотаның мөлшері (%)

Жұмыс орындарының саны (адам)

1

Сарыағаш ауданының білім бөлімінің "№ 11 М.П.Окороков атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

104

1

1

2

Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасының "Сарыағаш аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны

2128

0,3

7

3

Сарыағаш ауданының білім бөлімінің "№ 15 Ш.Қалдаяқов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

118

1

1

4

Сарыағаш ауданының білім бөлімінің "№ 53 М.Ғабдуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

103

1

1

5

Сарыағаш ауданының білім бөлімінің "№ 36 Тоқмұхамедов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

115

1

1

6

Сарыағаш ауданының білім бөлімінің "№ 6 Ж.Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

111

1

1

7

Сарыағаш ауданының білім бөлімінің "№ 14 Алыбай батыр атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

102

1

1

8

Сарыағаш ауданының білім бөлімінің "№ 60 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

224

1

1

9

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының "№ 12 колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

133

1

1


  Сарыағаш ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 11 қаңтардағы
№ 14 қаулысына 2-қосымша

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квотасы белгіленетін Сарыағаш ауданы ұйымдарының тізімі

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны
(адам)

Квотаның мөлшері
(%)

Жұмыс орындарының саны
(адам)

1

Сарыағаш ауданының білім бөлімінің "№ 53 М.Ғабдуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

103

1

1

2

Сарыағаш ауданының білім бөлімінің "№ 11 М.Окороков атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

104

1

1

3

Сарыағаш ауданының білім бөлімінің "№ 6 Ж.Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

111

1

1

4

Сарыағаш ауданының білім бөлімінің "№ 75 Ж.Жабаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

122

1

1

5

Сарыағаш ауданының білім бөлімінің "№ 58 Ә.Марғұлан атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

139

1

1

6

Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасы "Сарыағаш аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны

2128

0,1

2


  Сарыағаш ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 11 қаңтардағы
№ 14 қаулысына 3-қосымша

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айрылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленетін Сарыағаш ауданы ұйымдарының тізімі

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны
(адам)

Квота мөлшері
(%)

Жұмыс орындарының саны
(адам)

1

Сарыағаш ауданының білім бөлімінің "№ 14 Алыбай батыр атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

99

1

1

2

Сарыағаш ауданының білім бөлімінің "№ 6 Ж.Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

111

1

1

3

Сарыағаш ауданының білім бөлімінің "№ 25 А.Молдагулова атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

69

1



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады