Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабының 1 тармағының 2), 3), 4) тармақшаларына сәйкес, Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2020 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. 2020 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
3. 2020 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 3-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
4. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды 1 – қосымшаға сәйкес және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды 2 – қосымшаға сәйкес жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2020 жылға квотасын белгілеуде Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 26 бабы 2 бөлігі 3 тармағының талаптары қатаң сақталсын.
5. Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 11 қаңтардағы № 14 "Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4886 нөмірімен тіркелген, 2019 жылғы 18 қаңтардағы "Сарыағаш" газетінде және 2019 жылғы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) және Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 17 қаңтардағы № 10 "Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 11 қаңтардағы № 14 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5387 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылы 28 қаңтарда жарияланған) қаулыларының күштері жойылды деп танылсын.
6. "Сарыағаш ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Сарыағаш ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Полатовқа жүктелсін.
8. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сарыағаш ауданының әкімі | М. Отаршиев |
Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 1 шілдедегі № 162 қаулысына 1-қосымша |
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам) | Квотаның мөлшері (%) | Жұмыс орындарының саны (адам) |
1 | Сарыағаш ауданы білім бөлімінің "№ 11 М.Окороков атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 96 | 1 | 1 |
2 | Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасының "Сарыағаш аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 2098 | 1 | 21 |
3 | Сарыағаш ауданы білім бөлімінің "№ 15 Ш.Қалдаяқов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 115 | 1 | 1 |
4 | Сарыағаш ауданы білім бөлімінің "№ 53 М.Ғабдуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 103 | 1 | 1 |
5 | Сарыағаш ауданы білім бөлімінің "№ 36 Қ.Тоқмұхамедов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 117 | 1 | 1 |
6 | Сарыағаш ауданы білім бөлімінің "№ 6 Ж.Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 117 | 1 | 1 |
7 | Сарыағаш ауданы білім бөлімінің "№ 14 Алыбай батыр атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 106 | 1 | 1 |
8 | Сарыағаш ауданы білім бөлімінің "№ 60 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 213 | 1 | 2 |
9 | Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының "№ 12 колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 124 | 1 | 1 |
Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 1 шілдедегі № 162 қаулысына 2-қосымша |
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам) | Квотаның мөлшері (%) | Жұмыс орындарының саны (адам) |
1 | Сарыағаш ауданы білім бөлімінің "№ 53 М.Ғабдуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 103 | 1 | 1 |
2 | Сарыағаш ауданы білім бөлімінің "№ 11 М.Окороков атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 96 | 1 | 1 |
3 | Сарыағаш ауданы білім бөлімінің "№ 6 Ж.Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 117 | 1 | 1 |
4 | Сарыағаш ауданы білім бөлімінің "№ 75 Ж.Жабаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 134 | 1 | 1 |
5 | Сарыағаш ауданы білім бөлімінің "№ 58 Ә.Марғұлан атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 141 | 1 | 1 |
6 | Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасының "Сарыағаш аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 2098 | 1 | 21 |
Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 1 шілдедегі № 162 қаулысына 3-қосымша |
Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айрылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам) | Квота мөлшері (%) | Жұмыс орындарының саны (адам) |
1 | Сарыағаш ауданы білім бөлімінің "№ 14 Алыбай батыр атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 106 | 1 | 1 |
2 | Сарыағаш ауданы білім бөлімінің "№ 6 Ж.Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 117 | 1 | 1 |
3 | Сарыағаш ауданы білім бөлімінің "№ 25 Ә.Молдағұлова атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 65 | 1 | 1 |