"Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 11 қаңтардағы № 14 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Сарыағаш ауданы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 17 қаңтардағы № 10 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 24 қаңтарда № 5387 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Сарыағаш ауданы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 1 шілдедегі № 162 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Сарыағаш ауданы әкiмдiгiнiң 01.07.2020 № 162 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабының 7), 8), 9) тармақшаларына сәйкес Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 11 қаңтардағы № 14 "Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4886 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылы 28 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Сарыағаш ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Сарыағаш ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Полатовқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сарыағаш ауданының әкімі М. Отаршиев

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін Сарыағаш ауданы ұйымдарының тізімі

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Квотаның мөлшері (%)

Жұмыс орындарының саны (адам)

1

Сарыағаш ауданының білім бөлімінің "№ 11 М.П.Окороков атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

104

1

1

2

Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасының "Сарыағаш аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны

2128

0,3

7

3

Сарыағаш ауданының білім бөлімінің "№ 15 Ш.Қалдаяқов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

118

1

1

4

Сарыағаш ауданының білім бөлімінің "№ 53 М.Ғабдуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

103

1

1

5

Сарыағаш ауданының білім бөлімінің "№ 36 Тоқмұхамедов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

115

1

1

6

Сарыағаш ауданының білім бөлімінің "№ 6 Ж.Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

111

1

1

7

Сарыағаш ауданының білім бөлімінің "№ 14 Алыбай батыр атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

102

1

1

8

Сарыағаш ауданының білім бөлімінің "№ 60 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

224

1

1

9

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының "№ 12 колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

133

1

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады