Жария сервитут белгілеу туралы

Жаңартылған

Түркістан облысы Сарыағаш ауданы әкiмдiгiнiң 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 475 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2019 жылғы 26 желтоқсанда № 5326 болып тiркелдi

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17 бабының 1-1) тармақшасына және 71-1 бабының 2 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағы 10) тармақшасына сәйкес және пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензия негізінде, Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "АРЕКЕТ-АК" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жердің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан жер учаскелеріне 11 маусым 2025 жылғы мерзімге дейін жария сервитут белгіленсін.

      2. "Сарыағаш ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Сарыағаш ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Таскуловқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сарыағаш ауданының әкімі М. Отаршиев

  Сарыағаш ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 475 қаулысына қосымша

Пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жария сервитут белгіленетін жер учаскелердің экспликациясы

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Түркістан облысы Сарыағаш ауданы әкiмдiгiнiң 28.12.2020 № 355 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Жер пайдаланушылар атауы

жария сервитуттың әрекет ету көлемі (гектар)

соның ішінде:

ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер

оның ішінде:

егістік

соның ішінде:

көп жылдық екпелер

шабындық

жайылым

суармалы егістік

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

Жылға ауылдық округі

258

255,3942





255,3942


      кестенің жалғасы


елдi мекендердiң жерi

өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер

ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерi, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер

орман қорының жері

су қорының жерi

босалқы жер

10

11

12

13

14

15


2,6058






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады